«Адал азамат»

«Адал азамат»

   31.03.2025 жылы Аягөз аудандық білім бөлімінің оқу ғылыми, ұйымдастырушылық кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: Білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шараларды іске асыру жұмыстарын жандандыру. Бала өмірінің қауіпсіздігіне   жауапкершілікті арттыру». тақырыбында Аягөз ауданы білім бөлімінің «№ 5 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен әлеуметтік педагогтардың әдістемелік кеңес отырысы өтті. Әдістемелік отрысқа: Ж.Маликова- «Аягөз аудандық білім бөлімі» ММ ғылыми -әдістемелік кабинет меңгерушісі, А.Амреева- «Аягөз аудандық білім бөлімі»ММ әдіскері, Аягөз аудандық көпсалалы орталық ауруханасы Үміт” жастар денсаулық орталығының психолог маманы - Ж.Ахметова тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, әлеуметтік педагогтар қатысты. 

      Отырыста: «Білім беру ұйымы басшылары мектепішілік бақылауды мектептің тәрбие жұмысы жоспары бойынша қойылған мақсат – міндеттер» тақырыбында  Ж.Маликова ақпараттық анықтама беріп жұмысты жүйелі жасауға шақырды. «Ерте жүктіліктің алдын алу, жасөспірімдердің ерте бастан жыныстық қатынасқа түсу қаупі» тақырыбында Аягөз аудандық көпсалалы орталық ауруханасы Үміт” жастар денсаулық орталығының психолог  маманы:Ж.Ахметова баяндама оқып ақыл кеңес берді. «Қалалық қазақ мектеп-лицей» КММ-нің әлеуметтік педагогі А.Қаблашова «Аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылармен жұмыс жасаудағы әлеуметтік педагогтың рөлі» іс-тәжірибесімен бөлісті. «Аягөз аудандық  білім бөлімі»ММ әдіскері  А.Амреева 2024-2026 жылдарға арналған кәмелетке толмағандар арасындағы экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі жол картасының орындалуы.

2.«Білім алушылар арасында буллингтің алдын алудың өзекті мәселелері: «Досболlike» бағдарламасын іске асыру» тақырыбында профилактикалық іс-шарасы өткізіу тапсырылар.

3.Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында толеранттылық пен патриотизм принципі бағытындағы облыстық жоба және «Қыздар тәрбиесі: дәстүр мен заманауи өзгерістер» жоба бойынша тапсырмалар

4.«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ» толеранттылық пен патриотизм принципі бағытындағы жоба бойынша талқылау жұмысын жүргізіп тапсырмалар берді. «Ұлттық тәрбие құндылықтары негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру» тақырыбында "А.Көшкімбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-нің ТІО Ш.Бозтаева мектепте жүргізілген практикалық жұмыстарымен бөлісті.

  Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, әлеуметтік педагогтар өз ойларымен бөлісіп, бірқатар тапсырмалар алып қайтты. Отырыс соңында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» шеңберінде «Көктемгі демалыс: Қызықты демалыстар мен Наурыз сиқыры» балалардың көктемгі демалысысын ұйымдастыру жоспарына сәйкес «Көңілім әнді ұғады» оқушылар арасынад Абай әндер байқау қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі жүргізілді.