Жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты VII республикалық зияткерлік конкурсы

Жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты VII республикалық зияткерлік конкурсы
    2024 жылдың 16 қазанында №46 мектепте  Жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты VII республикалық зияткерлік конкурсының облыстық кезеңі  өтті.
Конкурс екі тур бойынша өткізілді:
 
І тур – «Қазақстан тарихы» пәні бойынша тест,
 
ІІ тур – 4 номинация бойынша
 
– «Менің кіші Отанымның тарихы» номинациясында қатысушылар елді мекеннің тарихын презентация түрінде немесе бейнефильм форматында  (географиялық атауын, құрылу тарихын, дамудың негізгі кезеңдерін, табиғи-климаттық ерекшеліктерін, халықтың саны, кәсіпорындар мен әлеуметтік-тұрмыстық сала мекемелері туралы ақпарат, көрікті жерлері және т.б.) ашты.
 
– «Кіші Отанымның символы» номинациясы бойынша автордың өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншілік символы болып табылатын жануарлар, өсімдіктер, адамдар, құбылыстар және т.б. туралы (өз таңдауының бірегейлігін негіздеу, дәлелдеу қажет) презентация түрінде немесе бейнефильм форматында баяндау қабылданады;
 
– «Менің кіші Отанымның болашағы» номинациясы макетті презентациялады.
 
– «Менің туған өлкем» номинациясында конкурсанттар эссе жазды.
Қорытынды:
1. Утегенов Даулет Марленұлы, 9-сынып, Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің «К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ.-3 орын.
2. Қанатова Арда Қанатқызы, 9-сынып, Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің   «№3 жалпы орта білім беретін аралас мектебі» КММ. Сертификат.
3. Тұрсынбек Айзере Тұрсынбекқызы, 10-сынып, Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің «Көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы » КММ.3- орын.
4. Нусупова Инабат Ерланқызы, 10-сынып, Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің «№ 5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.
3-орын.
 
Құттықтаймыз
 
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Аягөз
#АПҚО_Абай_облысы_Аягөз  #Балақауіпсіздігі