
2024 жылдың 14 қазанында Абай облысы білім басқармасының «Аягөз ауданы білім бөлімі» ММ-сінің оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинеттің жылдық жоспарына сәйкес математика, информатика пәні мұғалімдеріне арналған облыстық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты- Білім беру ұйымдарындағы педагогтердың кәсіби шеберлігін жетілдіру, шығармашылыпен жұмыс жасайтын педагогтерді анықтау, оларды қолдау және көтермелеу.
Олимпиадаға аудан мектептерінен математика, информатика пәндерінен 21 педагог қатысты. Олимпиада 2 турдан өтті. І тур практикалық (олимпиадалық), ІІ тур әдістемелік.
Әр қатысушы үшін ұпайлардың максималды саны 42(қырық екі).
Олимпиада қорытындысы бойынша 29-33 балл аралығында - 3 орын, 34-38 балл аралығында 2 орын, 39-42 - 1 орын берілді.
Облыстық кезеңге математика пәнінен 3 педагог, информатика пәнінен 3 педагог жолдама алды. Елеукешова Назира Ертаевна - «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» КММ-сінің математика пәні педагогы, Бұланбаева Әсем Ерланқызы - «№1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сінің математика пәні педагогы, Құнанбаев Қуаныш Мейірланұлы - «№10 қазақ мектеп-гимназиясы» КММ-сінің математика пәні педагогы, Ахметжанова Балжан Бахтыбековна - «№1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сінің информатика пәні педагогы, Жаксибергенова Асем Смакановна –«О. Меңаяқұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ -сінің информатика пәні педагогы, Байсханова Айгерим Маратовна- «№7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сінің информатика пәні педагогы .