2024 жылдың маусым айының 10-15 аралығындағы жазғы SAPSAN Summer Camp 2024 лингвистикалық лагерінде «Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін № 6 мектебі» КММ, «№ 10 қазақ мектеп-гимназиясы» КММ, «№ 5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» КММ-нің оқушыларының қатысуымен 1-ші легі аяқталды.Оқушылар ағылшын тілінен білімдерін шындап қана қоймай, актерлік шеберліктерін дамыту үшін ағылшынша қойылымдар қойды. Оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын ояту үшін сабақтар ойын форматында өткізілді. Сонымен қатар, оқушылар таза ауада спорттық эстафеталық ойындарға қатысып, топпен жұмыс жасауды үйреніп, көшбасшылық дағдыларын дамытып белсенділік танытты. Мамандықтар күні "Өрт сөндіру бөліміне" барып, өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен танысты.Оқушылардың рухани байлықтарын дамыту үшін қаламыздағы мекемелерге, тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық аймақ Жидебай қорығына экскурсия жасалды.Одан бөлек балалар үш уақыт тамақпен, оқу құралдарымен толықтай қамтамасыз етілді.Лингвистикалық лагерде жазғы демалысты көңілді әрі пайдалы өткізу үшін оқушылардың үш тілде, яғни қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамытуға арналған коммуникативтік ойындар ойнатылды. Лагердің соңғы күні балалар ағылшынша қойылымдар қойып, флешмоб билеп, өз өнерлерін көрсетіп, белсенділік танытты. Соған орай сертификаттармен марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.
#абайжаз2024
@sapsan_ayagoz