2024 жылдың маусым айының 3 күні Аягөз аудандық білім бөлімінің оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» - ұлттық, адами құндылықтар негізінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына «Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін № 6 мектебі»КММ-де әдістемелік кеңес отырысы өтті.
Аягөз аудандық білім бөлімі басшысы Н.Т.Азимбаев қатысып оқу жылының аяқталуымен құттықтап,жазғы демалыс кезіндегі бала өмірінің қауіпсіздігін сақтау және балалардың жазғы лагерлері бойынша толық ұйымдастыруды тапсырды.Абай облысының кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігінің Аягөз аудандық комитеті филиалының төрағасы Д.М.Казангапова арнайы қатысып,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына жылы лебізін білдіріп, сыйақыларын табыстады.
Күн тәртібінде: Оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинетінің әдіскері Е.Шегиров Оқу-тәрбие процесі бойынша 4-ші тоқсан және жылдық қорытындысы мен жетістіктері,2024-2025 оқу жылына мақсат-міндеттер бойынша баяндады.«Толық адам» жан-жақты дамыған бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға қалыптастырудың шыңы тақырыбында «№5 ЖОББМ» КММ-нің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.М.Мадымов коучинг өткізді.«Өскелең ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуде – тәрбие жоспарын ұтымды құрастыра білу» тақырыбында «№1 Ақшәулі ЖОББМ» КММ-нің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Т.Нурмухаметова баяндады.«Білім алушылардың әл- ауқатын қамтамасыз ету, баланың жеке басына құрметпен сенім, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуде жобаларды іске асыру» бойынша «Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін № 6 мектебі» КММ-нің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ш. Жобалаева баяндады.«Жазғы демалыс кезінде білім алушылардың әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын дамытудың тиімді әдістері» оқушылардың өмір қауіпсіздігі «№ 1 ЖОББМ» КММ-нің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.У. Исаева шеберлік сынып өткізді.Әдістемелік отырыстың қорытындысы бойынша сұрақтарға жауап беріліп Е.К.Шегиров барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Аягөз#АПҚО_Абай_облысы_Аягөз