Үздік әдістемелік әзірлеме» облыстық байқауы

Үздік әдістемелік әзірлеме»  облыстық байқауы

  Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ жылдық жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың 27 наурызы мен 09 сәуірі аралығында география, пәндері бойынша “Үздік әдістемелік әзірлеме»  облыстық байқауын өткізді.

  Байқаудың мақсаты: Пән бойынша озық педагогикалық тәжірибені тарату, мұғалімдерінің кәсіби-тұлғалық әлеуетін дамыту және шеберліктерін арттыруға ықпал ету, заманауи ақпараттық технологияларды, цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану саласындағы педагогтердің жұмысын жандандыру, ББЖМ ұлттық мониторингтік зерттеу қорытындысы бойынша қиындық тудырған бөлімдер бойынша әдістемелік көмек базасын құрау.

  Байқауға облысымыздың Абай, Ақсуат, Аягөз, Бесқарағай, Жарма, Көкпекті, Үржар  аудандары және Семей қаласының география пәні мұғалімдері қатысты.

  Байқау жеңімпаздары Дипломмен марапатталады.

  География пәні бойынша “Үздік әдістемелік әзірлеме» облыстық байқауының жеңімпаздары:

  «Үздік бейнесабақ» номинациясы бойынша:

І орын- Байтемирова Н.Т., Аягөз ауданы білім бөлімінің “№8 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ;

ІІІ орын - Касенова А.К., Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» КММ.

"Үздік презентация" номинациясы бойынша

III орын - Малаева А.Е  Абай облысы білім басқармасы Аягөз ауданы "#1 жалпы білім беретін орта мектебі"КММ

"Цифрлық ресурстар қолданылған үздік тапсырмалар жинағы" номинациясы бойынша

III орын - Оразалинова А.К., Аягөз ауданы білім бөлімінің "#3 жалпы білім беретін орта мектебі"КММ

 Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!