28.03.2024 жылы Семей қаласында «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыстық «Үздік сынып жетекшісі-2024» байқауы өткізілді.
Байқау мақсаты: жалпы білім беру мекемелеріндегі сынып жетекшілерінің шығармашылық ой-өрісін дамыту, кәсіби деңгейін өсіру, сыныптық ұжымның ата-аналарымен белсенділік жұмыстарын шыңдау, жалпы сынып жетекшінің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Байқаудың негізгі міндеттері:перспективалы инновациялық білім беру бастамаларын қолдау. Ауданымыздың намысын «Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін № 6 мектебі» КММ-нің физика,математика пәні мұғалімі Айгерім Төлегенова қорғады.
Байқау үш кезеңде өткізілді:
«Мен-сынып жетекшісімін» (өзін-өзі таныстыру).
«Ұлттық мүдде, ар-ұят, талап» (Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында сыныптан тыс іс-шара үзіндісін бейнеролик арқылы қорғау).
«Ұшқыр ойдан белсенді әрекетке» (педагогикалық ситуациялық сұрақтарға жауап).
Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені Айгерім Төлегенова иеленіп жылжымалы кубок табысталып келесі жылы өтетін «Үздік сынып жетекші-2025» облыстық байқауына әділ қазы мүшелерінің сапына енді . Құттықтаймыз!!!
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Аягөз
#АПҚО_Абай_облысы_Аягөз