
2024 жылдың 05 ақпан күні Аягөз аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Е Рахмадиев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Жас маманға үйретеді ас маман» тақырыбында аудандық семинар-практикум өтті. Семинар «Білім мен тәрбие беру үрдісінде оқытудың жаңа әдістемесін көрсету арқылы жас мамандардың кәсіби тұлғасын қалыптастыру және жетілдіру» мақсатында болды. Семинарды аудандық оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық-әдістемелік кабинет меңгерушісі Ы.Ж. Маликова және мектеп директоры М.С.Ғайсин ашып, семинар мақсатымен таныстырды.
Семинарда Е.Рахмадиев атындағы ЖОББ мектебінен биология пән мұғалімі Д.Жумагельдина, математика пән мұғалімі А.Бақытқызы, ағылшын тілі пән мұғалімі Б.Тайрбекова, М.Абеулов атындағы ЖОББ мектебінен математика пән мұғалімі М.Мырзабаева, химия пән мұғалімі Д.Смайлова, О. Меңаяқұлы атындағы ЖОББ мектебінен Н.Нұрғалиева, А.Жақсыбергенова, Ш.Уалиқанов атындағы ЖОББ мектебінен М.Нығыманбекова, С.Нұғыманов атындағы ЖОББ мектебінен М.Махметова өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, ашық сабақтар өткізді. Сабақ соңында Айғыз ЖОББМ мұғалімі А.Баймұхаметова «Мұғалім мәдениеті» тақырыбында коучинг, М.Рахметоллаева жас ұстаздармен «Оқыту мен бағалауда цифрлы ресурстарды тиімді қолдану» тақырыбында тимбилдинг ойынын, Л.Ғайсина «Тұлпар» тренингін жүргізіп, мектептің өнерлі оқушыларының «Жарқын елдің шамшырағы-жас маман» тақырыбында концертпен ұласты. Семинар соңында өтілген іс-шаралар туралы ұстаздар арасында алған әсерлері, жинақтаған тәжірибелері туралы ой бөлісіп, жоғары деңгейде өткені туралы кері байланыстар берілді. Семинарға келген жас мамандар өткізілген іс-шараның маңыздылығын айтып, Аягөз аудандық білім бөліміне, Е Рахмадиев атындағы жалпы орта білім беретн мектеп ұжымына ізгі тілектерін айтып, ризашылықтарын білдірді.