Жеңіл атлетикадан облыс Чемпионаты

Жеңіл  атлетикадан  облыс  Чемпионаты

     Семей қаласында жеңіл атлетикадан 2009-2010 ж.т жасөспірімдер арасында Абай облысының Чемпионаты өткізілді. Чемпионатқа Сарыарқа орта мектебінің оқушылары қатысты.Дене шынықтыру  пәні  мұғалімі  Қ.Қаинбаев жарысқа  тыңғылықты дайындап, оқушылар  жақсы көрсеткіш  көрсете білді. Мукашов Саян үш жарыстың  түрінен  жеңімпаз болып  танылды. 60 м қашықтыққа жүгіруден 7.77 сек уақытпен, 800 метр қашықтыққа  жүгіруден  2 мин 36 сек уақытпен  және 1500 метр  қашықтыққа  жүгіруден 4 мин 30 сек уақытпен І  орынды иеленсе,Қонртаева Амина ұзындыққа  секіруден 3 м 62 см көрсеткішімен  ІІІ  орын,800 метр  қашықтыққа  жүгіруден 3 минут 25 сек уақытпен Биғазина Нурай ІІІ  орын  иеленді. Жоспарда 16-17 желтоқсан аралығында Өскемен  қаласында  өтетін жеңіл  атлетикадан ШҚО  ашық  Чемпионатына және  қаласында қаңтар айына жоспарланған  Қазақстан  республика Чемпионатына  қатысу бар.Оқушыларға алдағы додаларда сәттілік тілейміз!