Аягөз аудандық білім беру мекемелерінде тамақтан уланудың алдын алу бойынша аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасы, аудандық прокуратура және білім беру басшылары, мектеп асханаларын жалға алушы кәсіпкерлер және мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшелері, мемлекеттік емес ұйымдардың мүшелерімен өткен мекеме аралық жиын

Аягөз аудандық білім беру мекемелерінде тамақтан уланудың алдын алу бойынша аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасы, аудандық прокуратура және білім беру басшылары, мектеп асханаларын жалға алушы кәсіпкерлер және мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшелері, мемлекеттік емес ұйымдардың мүшелерімен өткен мекеме аралық жиын

    2023 жылдың 01 желтоқсанында Аягөз аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Азимбаев, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының басшысы Д.Г.Жумаханов, аудандық прокуратураның прокуроры Д.Шалкарұлы  және білім беру мекемелерінің басшылары мен мектеп асханаларын жалға алушы кәсіпкерлер, білім беру мекемелерінің қамқоршылық кеңесінің мүшелері, мемлекеттік емес ұйымдардың мүшелерінің қатысуымен білім беру беру мекемелерінде балалар арасында тамақтан уланудың алдын алу бойынша мекеме аралық жиын өткізілді.

    Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының басшысы Д.Жумаханов оқушылар арасында тамақтан уланудың алдын алу бойынша дезинфекция жұмыстары жүргізілуін, ыдыс аяқ жуу ережесі сақталуы мен мектеп асханасында жұмыс жасайтын мамандардың жылына екі рет медициналық тексеруден өту керектігі жайлы айтып өтті.

   Санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттер талаптарын сақтауды бақылау бөлімінің жетекші маманы Жумекенова М.А мектеп асханасын жалға алушы кәсіпкерлерге балалар арасында тамақтан уланудың алдын алу мақсатында білім беру объектілерінің ас блоктарында санитариялық –эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуді және оқушылардың қауіпсіз және сапалы тамақтануының ұйымдастырылуын, сондай-ақ объектінің халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болуын қамтамасыз ету жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тапсырмалар берілді.

   Аягөз аудандық прокуратурасының прокуроры Д.Шалқарұлы бас прокурордың тапсырмасы негізінде 2023 жылдың 27 қарашасынан бастап аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасы, прокуратура, білім бөлімі жанынған құрылған комиссия тексеру мониторингісі жүргізіліп жатқандығы туралы айтып өтті.