2023 жылдың 15 қарашасында "Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы" КММ ұйымдастыруымен "DIGITAL TEACHER" облыстық мұғалімдердің IT хакатонына аудандық кезеңнің жеңімпазы ретінде мектеп-гимназияның екі командасы қатысты. "Clean Life" командасы "Қалдықсыз мектеп" жобасымен І орын, команда мүшелері Канапьянова А.А, Кунусова М О, Искаков Б.Т, Сарсембекова С Қ. "Digital dream team" командасы "Электронды жетекші" жобасымен "Үздік электронды жетекші" номинациясын иеленді. Команда мүшелері Ибраева А.А, Искакова А,С, Надырбаев Д.Қ, Куандекова А.Б. Болашақта мамандарымыз білім саласындағы цифрлық-инновациялық жобасын іске асыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп, бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізеді деген ойдамыз.