
2026 жылдың 18 қыркүйек күні Аягөз ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен "К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясы" КММ базасында қазақтың көрнекті жазушысы, ұлт тарихы мен ел тағдырын көркем сөзбен өрнектеген қаламгер Қабдеш Жұмаділовтің 90 жылдығына арналған «Тағдырды таныған – тарихты таниды» тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті. Конференцияға Аягөз ауданы білім бөлімінің басшысы мен әдіскерлер, аудан мектептерінен қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих пәнінің мұғалімдері қатысты.
Конференциясының ашылу салтанатында білім бөлімінің басшысы Н.Т. Азимбаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
📖 Әдеби басқосудың негізгі мақсаты – қаламгердің мол шығармашылық мұрасын насихаттау, көркем әдебиетке деген қызығушылықты арттыру, ұстаздардың әдеби-шығармашылық ізденісін дамыту және шығармаларындағы ұлт, тарих, атамекен, елдік пен рух құндылықтарын дәріптеу.
Конференция барысында қатысушылар жазушының өмірі мен шығармашылық жолына шолу жасап, «Тағдыр» романының тарихи шындығы мен көркемдік ерекшелігіне жан-жақты тоқталды.
🔹 «Қаламгерге құрмет»
🔹 «Қаламгер әлемі»
🔹 «Тағдыр» романы – тарихи шындық және көркемдік шешім
🔹 «Әдеби пікір алаңы»
🔹 «Бір шығарма – бір ой»
🔹 «Әдебиет және ұстаз»
🔹 «Қаламгерге хат» атты бөлімдер арқылы қатысушылар өз ойларын ортаға салып, шығарма төңірегінде пікір алмасты.
💭 Әсіресе "Әдеби пікір алаңында" "Тағдыр" романының идеялық салмағы, Демежан бейнесі, тарихи және көркем шындықтың сабақтастығы, ел мен жер мәселесі және шығарманы жас ұрпаққа оқыту жолдары талқыланды.
Срапшылардың шешімімен белсене қатысып, қаламгердің бай әдеби мұрасын терең меңгергені және үздік талдау жасағаны үшін 15 мұғалім "Үздік оқырман" сертификатымен марапатталды.
✨ Қаламгер мұрасы – ұлт рухының айнасы.
Қабдеш Жұмаділов шығармаларын оқу арқылы біз тарихты ғана танып қоймай, туған жердің қадірін, елдік пен ұлттық рухтың мәнін терең түсінеміз.
📜 «Тарих. Ұлт. Атамекен. Елдік. Рух. Тағдыр. Туған жер. Аманат.»
Бұл ұғымдар – қаламгер шығармашылығының өзегін құрайтын, ұрпаққа ой салатын рухани құндылықтар.
Осымен қатар Аягөз ауданы білім бөліміне қарасты барлық білім беру мекемелерінде оқушылар арасында "Тағдыр" романы бойынша пікірталас өткізіліп,роман толық талданды.