РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕҢІС СҮЙІНШІ! МАҚТАНЫШТАРЫМЫЗ!

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕҢІС СҮЙІНШІ! МАҚТАНЫШТАРЫМЫЗ!

    Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің «Аягөз қалалық №1 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК-ның ұжымы үлкен қуанышты хабарды жеткізеді!Мектепке дейінгі ұйымдар арасында өткен «Көңілді жаз» республикалық байқауының қорытындысы бойынша біздің балабақшамыздың білікті де шығармашыл мамандары Тәрбиеші — Оразаева Асель СейсенгалиевнаЭстетика маманы — Иманова Шугла Тлепалдиновна жүлделі ІІІ ОРЫНҒА ие болды!  Байқаудың басты мақсаты: Балалардың жазғы сауықтыру кезеңін ұйымдастыру үшін қауіпсіз, жайлы және креативті жағдайлар жасау бойынша озық тәжірибені тарату және жалпылау болатын.Біздің ұстаздарымыз өздерінің жоғары кәсіби шеберлігін, бүлдіршіндерге деген шексіз махаббаты мен ерекше креативті бағытын республика деңгейінде дәлелдеп шықты. Бұл — тек балабақшамыздың ғана емес, бүкіл Аягөз ауданы мен Абай облысының үлкен мәртебесі!✨ Құрметті Асель Сейсенгалиевна және Шугла Тлепалдиновна!Сіздерді осынау зор жетістіктеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Шәкірт тәрбиелеу жолындағы ерен еңбектеріңіз жана берсін. Шабыттарыңыз сарқылмай, бұдан да биік белестер мен кәсіби шыңдарды бағындыра беріңіздер! Жеңісті күндеріңіз көп болсын!