
2026 жылдың 21-і тамыз күні”№5 жалпы орта білім беретін мектебі “коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында “Жаңа Конституция:білім,ғылым,инновация және адами капитал-мектептің жаңа стратегиялық бағдары”тақырыбында аудандық химия, биология пәні мұғалімдерінің отырысы өтті. Отырысқа аудан бойынша 42 ұстаз қатысты. Күн тәртібі бойынша Аягөз аудандық білім бөлімінің ғылыми-әдістемелік кабинетінің химия,биология пәні мұғалімдерінің әдіскері А.Санкайбаева”Жаңа Конституция:білім,ғылым,инновация және адами капитал-мектептің жаңа стратегиялық бағдары”тақырыбында баяндамасын оқып,2026-2027 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатта енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып өтті.Сонымен қатар”Жасанды интеллект және цифрлық зертхана: химия-биология сабағын жаңғырту жолдары” тақырыбында “Сары-арқа жалпы орта білім беретін мектебі"КММ -Мукаева А.Б ,”Химия және биология сабағында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру: PISA тапсырмалары тәжірибесі”тақырыбында “№4 жалпы орта білім беретін мектебі"КММ -Қызырханова Д.Д және “Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі”-Садыкова Э.А “Таза Қазақстан”және “Таза орта”: химия-биология пәні арқылы экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру.”тақырыбында өз іс тәжірибесімен бөлісті.
Отырыс соңында пән мұғалімдері өзара пікір алмасып,жаңа оқу жылында білім беру процесіне жасанды интеллект элементтерін енгізу және оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша нақты ұсыныстар дайындады.Еңбегімен бөліскен әріптестерге алғыс білдіріп,алдағы оқу жылына арналған негізгі міндеттер мен әдістемелік бағыттар бекітілді.