
21.08.2026 жылы Абай облысы, Аягөз ауданындағы «№11 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де жаңа оқу жылына арналған білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясы өтті.
Конференцияның тақырыбы: «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі».
Аудан білім бөлімінің басшысы Н.Азимбаев “Конституциялық құндылықтардан білім беру нәтижелеріне дейін:мектеп дамуының жаңа бағдарлары”тақырыбы аясында баяндама жасады.
Қосымша білім беру жас техниктар станциясының директоры:Ж.С.Казыбеков “Жас техниктер станциясы”КММ-нің бүгінгі жұмысы,жетістіктері және оқу жылындағы даму бағыттары тақырыбында баяндама ұсынды.
Ардагер ұстаз “Құрмет”орденінің иегері,Аягөз ауданының құрметті азаматы Г.Т.Жамантаева сөз барысында ұстаздарға шығармашылық табыстар тіледі!
Аягөз аудан әкімі А.С.Нұғымаров ауданымыздың ұстаздарын құттықтап,марапаттар табыстады!
Маңызды жиында білім беру саласының жаңа оқу жылындағы басым бағыттары, білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуы және білім беру жүйесінде заманауи технологияларды тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.
Тамыз конференциясы – жаңа оқу жылына тың серпін беріп, ұстаздардың алдына қойылған маңызды міндеттерді айқындайтын тағылымды шара.
Жаңа оқу жылы барша ұстаздарға шығармашылық табыс, кәсіби жетістік және толағай нәтижелер әкелсін!