
2026 жылғы 21 тамызда «№1 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ базасында дәстүрлі аудандық Тамыз кеңесі аясында дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық, еңбек пәндері педагогтерінің секциялық отырысы өтті.
Секциялық отырыс «Жаңа Конституция: білім, ғылым, инновация және адами капитал – мектептің жаңа стратегиялық бағдары» тақырыбына арналды.
Жиынға білім беру саласының педагогтері қатысып, жаңа оқу жылындағы басым бағыттарды айқындап, білім беру үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған өзекті мәселелерді талқылады.
Секциялық отырыстың модераторы – Габдоллин Е.Б.
Іс-тәжірибе алмасу және мазмұнды баяндамалар
Секциялық отырыс барысында педагогтер өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи білім беру талаптарына сай тиімді әдіс-тәсілдерді ортаға салды.
Жұмадилова Арайлым Қайырбекқызы,
«Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ мұғалімі, «Дене шынықтыру сабағында жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды тиімді қолдану: мүмкіндіктері, әдістері және тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасап, дене шынықтыру сабақтарында заманауи цифрлық құралдарды тиімді қолдану тәжірибесімен бөлісті.
Баяндама барысында жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу үдерісіне кіріктіру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқу үдерісін жекелендіру және сабақтың тиімділігін көтеру жолдары көрсетілді.
Амансит Жансерік Нұржанұлы,
«№5 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ мұғалімі, «Қазақтың ұлттық ойындары – тәрбиенің негізі» тақырыбында баяндама ұсынып, ұлттық ойындарды дене шынықтыру сабақтарында тиімді қолдану тәжірибесін таныстырды.
Баяндамада ұлттық ойындардың оқушылардың дене дайындығын жетілдірудегі, ұлттық сана-сезімін қалыптастырудағы, салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі маңызы кеңінен ашылды.
Жиын барысында педагогтердің тәжірибе алмасуына, заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдарын талқылауына және жаңа оқу жылындағы кәсіби міндеттерді нақтылауына басымдық берілді.
Тамыз кеңесі – жаңа оқу жылына кәсіби серпін беріп, педагогтердің ізденісін арттыратын, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін маңызды кәсіби алаң.
Жаңа оқу жылында барша ұстаздарға шығармашылық ізденіс, кәсіби биіктер, толағай табыс және шәкірттерінің жарқын жетістіктерін тілейміз! 🇰🇿✨
Жаңа оқу жылы – жаңа мүмкіндіктер мен жаңа жетістіктер жылы болсын!
#АягөзБілім #ТамызКеңесі2026 #СекциялықОтырыс #ДенеШынықтыру #АӘТД #ЕңбекПәні #ЖасандыИнтеллект #ЦифрлықТехнология #ҰлттықҚұндылық #ҰлттықОйындар #Ұстаз #ЖаңаОқуЖылы