
17 маусым күні Аягөз ауданы білім бөлімінің басшысы Н.Т. Азимбаевтың төрағалығымен аппараттық қорытынды жиын өтті.
Жиын барысында білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты өзекті мәселелер қаралып, атқарылған жұмыстардың қорытындылары талқыланды. Әдіскерлер мен мамандар 2025–2026 оқу жылында атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, жыл бойы жүзеге асырылған іс-шаралар мен қол жеткізілген нәтижелерге тоқталды. Сонымен қатар, білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылды.
Білім беру ұйымдарының 2025–2026 оқу жылындағы жұмыстары жан-жақты сараланды , алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер нақтыланды. Бөлім басшысы Н.Т. Азимбаев берілген тапсырмалардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырып, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығын атап өтті.