Халықаралық отбасы күніне арналған «Бақытты ата-ана болудың сырлары» форум

Халықаралық отбасы күніне арналған «Бақытты ата-ана болудың сырлары» форум

  2026 жылдың 14 мамыр күні Абай облысы білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы» КММ,  Абай облысы білім басқармасының «Аягөз ауданы білім бөлімі» ММ-нің басшылығымен «№11 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ-де «Бақытты ата-ана болудың сырлары» тақырыбында форум ұйымдастырылды.

  Мақсаты: бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту және ата-аналардың тәрбиелік құзыреттілігін арттыру.

  Міндеттері:

- отбасындағы тәрбиенің оң мәдениеті мен құндылықтарын қалыптастыру;

- ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын арттыру;

- отбасы мен мектеп арасындағы тиімді өзара әрекеттесу формаларын дамыту;

- отбасылық тәрбиедегі озық тәжірибелерді тарату;

- ата-аналар, педагогтер және мамандар арасында ашық диалогқа жағдай жасау;

- отбасындағы қолайлы психологиялық ахуалды қолдау.

  Форумға: Абай облысы білім басқармасының «Аягөз ауданы білім бөлімі» ММ басшысы Н.Т.Азимбаев, Абай облысы білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы» КММ директоры И.Т.Тагиева, Абай облысы білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы» КММ әдіскерлері Т.М.Турганбаева, А.Е.Байботанова, аудандық білім бөлімінің оқу,  ғылыми ,ұйымдастырушылық әдістемелік кабинет меңгерушісі Ж. Ы. Маликова,  оқу , ғылыми, ұйымдастырушылык кабинет әдіскерлері А.Амреева, Э.Калиханова, ата-аналар балаларымен қатысты.

  Форумда шығармашылық көрмелер, отбасылық фотозоналар мен оқушылардың әсем әндері көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Балалардың өнері мен ата-аналардың ыстық ықыласы үйлесім тапқан бұл орта шынайы отбасылық мерекенің көрінісіндей әсер қалдырды. Іс-шараның практикалық бөлімінде «Баланы тыңдау және түсіну жолдары» (белсенді тыңдау дағдылары) тақырыбында «К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназия» КММ-нің педагог-психологы А.М.Жумадилова,  «№4 жалпы орта білім беретін аралас мектебі» КММ-нің педагог-психологы Г.С.Бодесова, «Ата-ана мен бала: сенім және қолдау көпірі» тақырыбында К.С.Отарбаева Жарма ауданы «Бірлік орта мектебі» КММ, Г.Ж. Леспаева Жарма ауданы «Т.Хасенұлы атындағы орта мектебі» КММ-нің педагог-психологтары, «Отбасындағы кикілжіңдер: оларды конструктивті шешу жолдары» тренингін Аягөз ауданы білім бөлімі “№8 жалпы орта білім беретін мектебі”КММ-нің педагог-психологы А.К Кайрбаева, «Баланың эмоционалдық интеллектісі: оны үйде қалай дамытуға болады» тренингін Аягөз ауданы білім бөлімінің «№1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің педагог-психологтары А.Е Әбілахат, Д.Қ Досымбаева жүргізді. Практикалық жұмыста педагог-психологтар отбасының бала тұлғасының қалыптасуындағы рөлін ерекше атап өтіп, саналы тәрбие — жарқын болашақтың кепілі екендігін жеткізіп оқушылармен ата-аналарға өзара сенімді қарым-қатынас орнатудың тиімді тәсілдерін ұсынды. Сонымен қатар, Абай облысы білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы» КММ әдіскерлері А.Е.Байботанова Т.М.Турганбаева оқушылармен ата-аналарға кеңес беру алаңы жүргізілді. Форум концерттік бағдарламамен қорытындыланып, белсенділік танытқан қатысушыларға алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды. «Бақытты ата-ана болудың сырлары» атты бұл форум — отбасы институтының мәртебесін арттырып, ұрпақ тәрбиесіндегі ата-ана мен мектеп ынтымақтастығын нығайтқан маңызды рухани алаң болды. Ұлт болашағы — саналы ұрпақ тәрбиелеу жолындағы осындай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенім мол. Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы «№11 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ-нің ұжымына және директоры А.Авленовқа алғыс білдірді.