«Түлектердің ағаш егу» эко-челленджі

«Түлектердің ағаш егу» эко-челленджі

     Абай облысының әкімі Берік Уәлидің Аягөз ауданына іс - сапары кезінде Абай облысы білім басқармасының басшысы Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлы "Таза Қазақстан" акциясы негізінде Аягөз ауданы білім бөлімінің "№10 қазақ мектеп - гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Түлектердің ағаш егу» эко-челленджіне қатысты.

     Қонақтарымыз  экологиялық тәрбиенің маңыздылығына тоқталып, жас түлектерге ақ жол тіледі.  Бұл акция тек ағаш егумен шектелмей, түлектердің туған жерге деген сүйіспеншілігі мен «Адал азамат» ретіндегі алғашқы үлкен қоғамдық ісі ретінде тарихқа енді.