«Қауіпсіз орта - ортақ жауапкершілік»

«Қауіпсіз орта - ортақ жауапкершілік»

        2026 жылдың 20 сәуір  Аягөз ауданы білім бөлімінің басшылығымен«С. Ғаббасов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ де «Қауіпсіз орта - ортақ жауапкершілік» тақырыбында психологиялық қолдауға арналаған  поственциялық жұмыс  жүргізілді. 

         Іс-шараға: Оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық әдістемелік кабинет әдіскері А.Амреева, мектеп директоры О.Кудайбергенов, 10-11 сынып оқушылары, 10 сынып оқушыларының ата -аналары, 10 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері қатысты.

        «Қауіпсіз орта - ортақ жауапкершілік» тақырыбында психологиялық қолдауға арналған поственциялық жұмысты «А.Көшкімбаева атындағы ЖОББМ» КММ-нің педагог психологы Ш. Баймагулова, «Сары-Арқа жалпы орта білім беретін мектебі»КММ-нің педагог психологы Р.Смаилов, «К. Бозтаев атындағы қазақ мектеп –гимназия» КММ -нің педагог психологы А.Жумадилова, «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» КММ-нің педагог психологы Н.Бағдатова,  «№11 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ-нің педагог психологы Ә.Айтбекова, «№3 жалпы орта білім беретін аралас мектебі» КММ-нің педагог психологы Қ.Шарипова, «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп гимназиясы»КММ-нің педагог психологы А.Ықласқожина, «С.Ғаббасов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің педагог-психологы Г.Медиева  жүргізді.  

         Психологиялық қолдау іс-шарасында ата-аналармен баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына және отбасылық қарым- қатынас орнату, ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру,  отбасы ынтымағы мен берекесін сақтауға бағытталған  тренингтер жүргізіліп,  жағымды  көңіл-күйі тудырып, жадынамалар таратылды. Оқушылармен психологиялық тұрақтылығын сақтау, эмоцияларын реттеу, конфликтіні шешу дағдыларын дамыту және көтерінкі көңіл - күй эмоциясын жандандыру мақсатында тренингтер, практикалық жұмыстар жүргізілді. Ұстаздарға кәсіби қолдау, эмоционалды тұрғыда өзін-өзі реттеу, оқушылармен дұрыс жұмыс істеу стратегиялары бойынша ұсыныстар берілді.