Білім, тәрбие және әлеуметтік қолдау – басты назарда

Білім, тәрбие және әлеуметтік қолдау – басты назарда

   2026 жылғы 9 сәуір күні Аягөз аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Т. Азимбаев “С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-не арнайы келіп, білім беру саласындағы түрлі бағыттағы жұмыстармен танысты. Сонымен қатар, оқушылар мен мұғалімдермен кездесіп, бірқатар маңызды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 шілдедегі №320 қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдарда тегін тамақтану алатын балалар санаттарына қатысты түзетулер кеңінен түсіндірілді. Аталған өзгерістердің маңыздылығы, әлеуметтік қолдау шараларының қолжетімділігі және ата-аналарға берілетін мүмкіндіктер жан-жақты баяндалды.
Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» бастамасының негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, тазалық мәдениетін қалыптастыру және экологиялық жауапкершілікті арттыру екені атап өтілді.
   Бұдан бөлек, «Абайды оқы» жобасы аясында оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту, Абай мұрасын терең танып-білу және ұлы ақын шығармаларын насихаттау бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы түсіндірілді.
    Білім беру ұйымдарында аталған жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылып, жас ұрпақтың тәрбиесіне оң әсерін тигізетіні айтылды.