Аудандық семинар – тәжірибе мен жаңашылдық алаңы!

Аудандық семинар – тәжірибе мен жаңашылдық алаңы!

   10 наурыз 2026 жылы «№8 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де  «Сабақтарда жасанды интеллектті қолдануда этикалық нормаларды сақтау» тақырыбында аудандық семинар өтті.

   Семинарды Абай облысы білім басқармасы  Аягөз аудандық білім бөлімі оқу-ғылыми ұйымдастырушылық әдістемелік кабинеті бірлесе ұйымдастырды.

   Семинарға аудандық білім бөлімі әдіскерлері мен қоғамдық гуманитарлық бағытындағы пән мұғалімдері қатысты.

   Семинар мақсаты:

   Әртүрлі пәндерде (қазақ тілі, ағылшын тілі, тарих, орыс тілі) жасанды интеллект құралдарын қолдану тәжірибесін көрсету арқылы педагогтердің этикалық мәдениетін арттыру, академиялық адалдықты сақтай отырып, жасанды интеллектті сабақта саналы, тиімді және жауапты пайдаланудың үлгісін қалыптастыру.

   Бағдарлама аясында:

   Семинардың ашылуында әдістемелік кабинет меңгерушісі Ж.Ы. Маликова құттықтау сөз сөйледі.

   Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және тарих пәндері бойынша ашық сабақтар ұйымдастырылды. Сабақ барысында жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану жолдары көрсетілді.

   Қазақ әдебиеті пәні бойынша Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романындағы автор бейнесі және Қалқаман Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» әңгімесі негізінде оқушылардың әдеби шығармаларды талдау, ой қорыту және пікір білдіру дағдыларын дамытуға бағытталған сабақтар көрсетілді. Сонымен қатар сабақта жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқу тапсырмаларын орындау тәжірибесі ұсынылды.

   Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша Б. В. Заходердің «Моя Вообразилия» шығармасы және Н. В. Гогольдің «Шинель» повесіндегі «кіші адам» тақырыбы аясында сабақтар өткізіліп, мәтінді талдау барысында жасанды интеллект құралдарын қолданудың тиімді жолдары көрсетілді.

   Ағылшын тілі пәні бойынша Present Perfect: Questions және Question Tags тақырыптары бойынша ашық сабақтар өткізілді. Сабақ барысында жасанды интеллектті қолдану арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту және олардың қызығушылығын арттыру әдістері ұсынылды. Сонымен қатар жасанды интеллекттің қазіргі қоғамдағы рөлі мен болашағы туралы талқылау жүргізілді.

   Тарих пәні бойынша «Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік-демографиялық процестер» және «ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамы» тақырыптарында сабақтар ұйымдастырылып, тарихи деректерді талдау барысында жасанды интеллект құралдарын қолдану мүмкіндіктері көрсетілді.

   Семинар барысында жасанды интеллект құралдарын қолдануда этикалық нормаларды сақтау жолдары мен тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылды.

   Семинар барысында қатысушылар жасанды интеллект құралдарын сабақ барысында саналы, тиімді және жауапты қолдану  жолдарын меңгеріп, тәжірибе алмасты.

   Семинар мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға, жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісіне енгізуге және білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.