
Наурыз айының 2 күні "Аягөз ауданы білім бөлімі" ММ оқу, ғылыми ұйымдастырушылық әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес "К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясы" КММ базасында жас педагогтердің VIII Республикалық «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты:
Жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық әлеуетін арттыру, инновациялық қызметін дамыту, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау, оларды Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына бекіту.
Байқаудың міндеттері:
талантты жас педагогтерді анықтау;
педагог еңбегінің дәрежесін көтеру;
жас педагогтердің инновациялық идеялар мен қызмет түрлерін іздеуге ынтасын дамыту;
жас педагогтерді дәстүрлі мәдени-білім ортасына тарту;
педагогикалық қауымға жас педагогтердің жетістіктерін тарату.
Сайыстың ашылу салтанатында Аягөз ауданы білім бөлімінің оқу, ғылыми ұйымдастырушылық-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ж.Ы. Маликова байқаудың маңыздылығына тоқталып, сайысқа қатысушы жас ұстаздарға жылы лебізін білдірді.
Байқаудың бірінші кезеңі-«Шығармашылық жолдың бастамасы» өзін-өзі таныстыру. Байқау қатысушылары өздерін және мамандыққа деген көзқарастарын таныстырды.
Екінші кезең – «Заманауи сабақ». Бейтаныс сыныпта (5–9 сыныптарда) сабақ өткізу. Сабақтың тақырыбын және оқыту тілі күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес өз бетінше айқындалды. Сабақтың ұзақтығы – 40 минут.
Үшінші кезең– «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асырудағы педагогикалық тәжірибе. Қатысушылар «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында азаматтық және құндылықтық бағдарлардың ықпалдастырылуын көрсетті.
Байқаудың қорытындысы бойынша:
1-орын—Төлеуханов Ерзат "№ 1 ЖОББМ" КММ математика пәні мұғалімі.
2-орын—Келесова Тынық "Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы" КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі.
3-орын—Смакова Мөлдір "Д.Бабатайұлы атындағы ЖОББМ" КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі.
3-орын—Секенов Әлішер "С.Ғаббасов атындағы ЖОББМ" КММ математика пәні мұғалімі.
Ұстаз болу – тек білім беру емес, ол – шәкірт жүрегіне жол тауып, оны биік шыңдарға жетелеу. Бүгінгі байқау – заман көшін ілгерілететін, жаңашыл идеялармен қаруланған жас мамандарымыздың бағын сынайтын алаң.