Robotek Grand Tournament чемпионатының «Robotek Дарын» лигасының аудандық кезеңі

Robotek Grand Tournament чемпионатының «Robotek Дарын» лигасының аудандық кезеңі

  Абай облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» мен «Аягөз ауданы білім бөлімі» ММ  оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинетінің математика- информатика пән бірлестігінің жылдық жоспарына сәйкес 2026 жылдың 20 ақпан күні  Robotek Grand Tournament чемпионатының «Robotek Дарын» лигасының аудандық кезеңі "№7 жалпы орта білім беретін орта мектебі" КММ базасында өтті.

Чемпионатқа:

  1. Роботек (2012-2016 т.ж.)
  2. Инверстік сызық бойымен жарыс (2012-2016 т.ж.)
  3. Жеткізуші робот (2012-2016 т.ж.)
  4. Мерген(2008-2011 т.ж.)
  1. Туды жеткізу  (2008-2011 т.ж.)
  2. Сұрыптаушы робот (2008-2011 т.ж.)
  3. РобоБаскетбол (2008-2016 т.ж.) жеті санат бойынша 20 команда қатысты. Қорытындысы төмендегідей болды:

  Роботек бағыты бойынша «№1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ командасы 1 орын, «Мектеп жанындағы жалпы орта білім беретін №6 мектебі» КММ командасы 2 орын, «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп- гимназиясы» КММ командасы 3 орын алды.
  Инверстік сызық бойымен жарыс бойынша
«№7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ командасы 1 орын, «С.Ғаббасов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ командасы 2 орын, «Мектеп жанындағы жалпы орта білім беретін №6 мектебі» КММ командасы 3 орын алды.

  Жеткізуші робот бағыты бойынша «№1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ командасы 3 орын алды.

  Мерген санаты бойынша «№11 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ командасы І орын, «№1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ командасы 2 орын, «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп- гимназиясы» КММ командасы 3 орын алды.

  Туды жеткізу бағаты бойынша «К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ командасы 3 орын алды.

  Сұрыптаушы робот бағыты бойынша «№7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ командасы 2 орын алды.

  РобоБаскетбол бағыты бойынша «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп- гимназиясы» КММ командасы 1 орын, «Мектеп жанындағы жалпы орта білім беретін №6 мектебі» КММ командасы 2 орын алды.