
2026 жылдың 10 ақпанында "Ой сандық" оқу және математикалық сауаттылықтан мұғалімдердің зияткерлік байқауының облыстық кезеңіне Аягөз ауданы командасы қатысты. Команда мүшелері:
"№5 ЖОББМ" КММ Жангалиева С.А,
"К.Бозтаев атындағы мектеп-гимназия" КММ Шарипов К.Т.,
"№1 ЖОББМ" КММ Есенгельдина М.Е., Толеуханова А.С,
"№11 ЖОББМ" КММ Смагулов Д.М.,
"№4 ЖОББАМ" КММ Абилькаирова Д.Б.,
"№7 ЖОББМ" КММ Уалиева Р.А,
"Аягөз қалалық қазақ мектеп-гимназиясы" КММ Идрышева К.Д.
"№1 Ақшәулі ЖОББМ" КММ Смаилова С.Т,
"№8 ЖОББМ" КММ Берік Н. қатысты. Финалға жоғары балмен өткен Аягөз командасы өте тартысты олимпиадада жүлделі 3-орын иеленді. Жұптық кезең бойынша 3-орын Идрышева К.Д., Смагулов Д.М, Есенгелдина М.Е, Толеуханова А.С, 2-орын Шарипов К.Т, Абилькаирова Д.Б., Жангалиева С.А, Смаилова С.Т жүлделі орындарға ие болды. Аудан намысын қорғаған команда мүшелерін құттықтаймыз!