
2026 жылдың 29 қаңтар күні "Аягөз ауданы білім бөлімі " ММ оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес «К. Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясы" КММ-де «Іс-әрекеттегі зерттеу тәжірибесінен-табысты нәтижеге» тақырыбында аудандық әдістемелік-тәжірибелік семинар өтті. Семинарға Аягөз ауданы білім бөлімінің әдіскерлері мен аудан мектептерінің ұстаздары қатысты.
Семинар мақсаты:
Педагогтердің кәсіби тәжірибесінде іс-әрекеттегі зерттеуді тиімді қолдану жолдарын көрсету, мұғалімдердің зерттеушілік құзыреттілігін дамыту және оқыту үдерісін жетілдіруге бағытталған тәжірибелермен бөлісу.
Семинар аясында 6 мұғалім өздерінің зерттеу бағытындағы ашық сабақтарын өткізіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Директордың ғылыми әдістемелік істер жөніндегі орынбасары Ж.Г.Чинкоджаева, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Т. Сайлыбаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Т. Қамшыгер «Іс-әрекеттегі зерттеу тәжірибесінен-табысты нәтижеге» тақырыбында семинарға қатысушы ұстаздарға коучинг жүргізді.
Математика пәні мұғалімі: Догалова Айнур Асылбековна. Сабақ тақырыбы: «Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырымының формулалары»;
Физика пәні мұғалімі: Мухажанова Алтынуя Уалихановна.
Сабақ тақырыбы: «Толық тізбек үшін Ом заңы»;
Биология пәні мұғалімі: Шарипова Раушан Толеубаевна. Сабақ такырыбы: «Буынның құрылысы және қызметтері»;
Химия пәні мұғалімі: Чалгинбаева Назым Солтангазыевна
Сабақ тақырыбы: «Күкірт қышқылының физикалық және химиялық қасиеттері»
География пәні мұғалімі: Турысбеков Мухтар Мажитович. Сабақ тақырыбы: «Демографиялық көрсеткіштер мен демографиялық жағдай»;
Информатика пәні мұғалімі: Бауржанова Асель Бауржановна
Сабақ тақырыбы: «Арифметикалық амалдардың жазылу ережелері»
Аягөз ауданы білім бөлімінің оқу, ғылыми ұйымдастырушылық-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ж.Ы. Маликова семинардың маңыздылығына тоқталды. Олар өз сөзінде ұстаздардың кәсіби өсуі тікелей осындай тәжірибе алмасу алаңдарына байланысты екенін атап өтіп, семинар қатысушыларына шығармашылық табыс тіледі.Семинар соңында қатысушылар «кері байланыс» орнатып, алған әсерлерімен бөлісті. Аудан ұстаздары бұл іс-шарадан тек әдістемелік көмек қана емес, өз сабақтарында қолдануға болатын нақты зерттеу нысандарын жинақтап қайтты.