
2026 жылдың 22 қаңтары күні Абай облысы білім басқармасы “Аягөз аудандық білім бөлімі“ ММ және “Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Жас маманға үйретеді ас маман” жобасы аясында “Жасанды интеллект және трансформация уақыты” тақырыбында жас мамандарға арналған аудандық семинар өтті.
Семинар мақсаты: жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, оқыту үдерісінде жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін тиімді пайданалу арқылы мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру, жоғары нәтижеге қол жеткізген білікті педагогтердің озық әдістемесімен таныстыру.
Міндеттері:
-Мұғалімдерге тиімді әдіс-тәсілдер көрсету;
-Мұғалімдердің оқыту дағдыларын жетілдіру бойынша әдістемелік көмек көрсету.
Семинарда аудан мектептерінің қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих пәні мұғалімдері өз пәндері бойынша ашық сабақтар және шеберлік сағаттарын өткізді. Гимназия мектебінің әдістемелік кабинеті «Білім берудегі педагогтің заманауи Soft Skills дағдылары » тақырыбында кәсіби бағдар беру алаңын ұйымдастырды.Аягөз ауданы бойынша әр мектептің жас мамандары келіп қатысты.
Семинар барысында өткізілген ашық сабақтар мен шеберлік сағаттары жас педагогтердің оқыту үдерісінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануына, заманауи білім беру талаптарына сай жұмыс жүргізуіне бағыт-бағдар берді. Сонымен қатар, жас педагогтер арасында өзара ынтымақтастықты нығайтып, ұжымдық қолдау мен жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал етті. Білім бөлімінің басшысы Н.Т.Азимбаев және оқу, ғылыми ұйымдастырушылық-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ж. Ы.Маликова семинарға қатысушы ұстаздар мен оқушыларға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.