Тамыз конференциясы – 2025

Тамыз конференциясы – 2025

    Тамыз конференциясы – 2025

“Интеграцияланған білім беру саласындағы инновациялар мен зерттеулерді тереңдету” Математика, информатика, физика пәндері бірлестігінің 2-секция отырысы 2025 жылдың тамыз айында өткен дәстүрлі республикалық Тамыз конференциясы аясында математика, информатика және физика пәндері бірлестігінің 2-секция отырысы ұйымдастырылды. Секция жұмысына пән мұғалімдері, әдістемелік бірлестік жетекшілері, мектеп әкімшілігі және жас мамандар қатысты.

Секция отырысының модераторлары:

Тусипова Карлығаш Абильмансуровна

Исаева Салтанат Таттимбетовна

Күн тәртібінде қаралған мәселелер

  1. 2025-2026 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық хатты талдау

Пән қауымдастығының жетекшілері жаңа оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық хаттың мазмұнымен таныстырды. Онда білім беру бағдарламаларына енгізілген жаңашылдықтар, пәндік мазмұндағы толықтырулар мен өзгерістер, критериалды бағалау жүйесінің жетілдірілуі туралы ақпарат берілді. Мұғалімдердің әдістемелік қолдауын арттыруға, оқу процесін тиімді ұйымдастыруға бағытталған ұсыныстар талқыланды.

  1. ҰБТ қорытындысы

Тусипова К.А. ҰБТ қорытындысына жан-жақты талдау жасап, математика, физика және информатика пәндері бойынша нәтижелерді саралады. Оқушылардың жетістіктері мен кездескен қиындықтары атап өтіліп, білім сапасын арттыру мақсатында қосымша дайындық жұмыстарын күшейту, оқушылардың логикалық және функционалдық сауаттылығын дамыту қажеттілігіне назар аударылды.

  1. STEAM білім беру – болашақ техника саласы мамандарының кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың моделі

Секция отырысында қазіргі білім беру жүйесіндегі интеграцияланған оқытудың маңыздылығы қаралды. STEAM (Science, Technology, Engineering, Arts, Mathematics) бағытының мүмкіндіктері мен болашағы талқыланды. Бұл модельдің оқушылардың зерттеушілік қабілетін арттыруға, инженерлік ойлау мен жобалық қызметке бейімдеуге ықпалы зор екендігі айтылды. Мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу жүргізіліп, пәндерді кіріктіре оқытудың әдістемелік негіздері ұсынылды.

  1. Цифрлық шындықта білім беруді дамыту

№1 жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі – Төлеуханова А.С. өз тәжірибесімен бөлісті. Баяндамасында білім беру процесіне цифрлық құралдарды енгізу, қашықтан оқыту платформалары мен жасанды интеллект негізіндегі технологияларды пайдалану жолдары көрсетілді. Цифрлық ресурстарды сабақта тиімді қолданудың оқушылардың қызығушылығын арттыруға, білімді меңгеру деңгейін көтеруге ықпал ететіні атап өтілді.

   Қорытынды

Секция отырысы мазмұнды әрі нәтижелі өтті. Қатысушылар білім берудегі интеграциялық үдерістердің маңыздылығын, заманауи технологияларды қолданудың тиімділігін және педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттырудың өзектілігін атап өтті.

Секция жұмысының қорытындысы ретінде мынадай ұсыныстар қабылданды:

Әдістемелік нұсқаулық хатта көрсетілген талаптарды жүйелі түрде іске асыру;

ҰБТ нәтижесін жақсарту мақсатында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға ерекше көңіл бөлу;

STEAM білім беру бағытында мектепішілік және өңірлік жобалар ұйымдастыру;

Цифрлық білім беру ресурстарын сабақ барысында белсенді қолдану және мұғалімдердің IT-компетенциясын арттыру.

Секция жұмысы алдағы оқу жылындағы пән мұғалімдерінің кәсіби дамуына, оқыту сапасын жетілдіруге және оқушылардың жан-жақты білім алуына бағытталған маңызды қадам болды.