2025 жылдың 27 тамыз күні "Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы"КММ-де аудандык химия, биология пәнінің әдістемелік бірлестігінің, «Цифрлық құзіреттілікті дамыту аркылы білім сапасын арттыру» тақырыбында секциялык, отырысы өтті. Мақсаты: Білім беру мекемелерінде цифрлық технологияларды пайдалануға арналған қауіпсіз және тиімді орта кұру арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру цифрлық құзіреттіліктерін дамыту. Секциялық отырысқа ауданымыздың 42 химия, биология пән мұғалімдері қатысты.
Күн тәртібінде:
1.Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2025-2026 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» Модератор: Санқайбаева Аян Ортбаевна.
2.”Жаратылыстану пәндерінде цифрлық құзіреттілік арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту “Баяндамашылар:Жумадилова.Н.К. "Nº10 казак мектеп-гимназиясы", Махметова Г.Б. " Nº5 ЖОББМ" КММ .
3."STEAM оқыту - цифрлық құзіреттілікті дамытудың заманауи құралы"Баяндамашылар: Бастосова К.М, К.С.Садуакасова«Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» КММ.
4.Әр түрлі мәселелер.
Әдіскер А.Санкайбаева жаңа оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық хаттың мазмұнымен таныстырды. Онда білім беру бағдарламаларына енгізілген жаңашылдықтар, пәндік мазмұндағы толықтырулар мен өзгерістер, критериалды бағалау жүйесінің жетілдірілуі туралы ақпарат берілді. Педагогтердің әдістемелік қолдауын арттыруға, оқу процесін тиімді ұйымдастыруға бағытталған ұсыныстар талқыланды. ”Жаратылыстану пәндерінде цифрлық құзіреттілік арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту “ тақырыбында Жумадилова.Н.К. "Nº10 казак мектеп-гимназиясы", Махметова Г.Б. " Nº5 ЖОББМ" КММ және."STEAM оқыту - цифрлық құзіреттілікті дамытудың заманауи құралы" Бастосова К.М, К.С.Садуакасова«Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» КММ педагогтері өздерінің іс- тәжірибесімен бөлісті.
Секция жұмысы алдағы оқу жылындағы пән мұғалімдерінің кәсіби дамуына, оқыту сапасын жетілдіруге және оқушылардың жан-жақты білім алуына бағытталған маңызды қадам болды.