« Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» құрметті төсбелгісімен наградталды.

« Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» құрметті төсбелгісімен наградталды.

     15 тамыз күні Астанада «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» атты ұстаздардың республикалық тамыз конференциясы өтті. Абай облысынан делегация болып Абай облысы білім басқармасы Аягөз ауданы білім бөлімінің «Қалалық қазақ мектеп-лицейінен» мектеп директоры, тарих пәнінің мұғалімі Жарова Назигуль Муратбекқызы қатысты.
     Назигуль Муратбекқызы ҚР Оқу -ағарту министрлігінен « Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» құрметті төсбелгісімен наградталды. Алған марапат кәсіби еңбекке берілген баға деп есептейміз. «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» Абай облысының «Үздік білім беру ұйымы-2024», ҚР Оқу -ағарту министрлігі ұсынған «Үздік мектеп-2025» тізіміне енген.      Бұл марапат лицей ұжымының нәтижелі еңбегі мен білікті педагогтердің келешек ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі кәсіби шеберлігі, дарынды оқушыларымыздың білімге деген ынтасы, ата-аналардың сенімі.