Аягөз ауданының білім беру ұйымдарында мемлекеттік емтихан өтті!

Аягөз ауданының білім беру ұйымдарында мемлекеттік емтихан өтті!

   09 маусым 2025 жылы Аягөз ауданының мектептерінде 11-сыныпты аяқтап отырған 586 түлек үшін маңызды күн болды. Барлық бітіруші оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мемлекеттік емтихан тапсырды.

   Бұл сынақ – түлектердің білім деңгейін саралайтын, олардың мектеп қабырғасында алған білімін өмірлік жолда қолдана білуін көрсететін маңызды кезең. Емтихан сәтті өтіп, түлектер өз білімдерін сенімді түрде дәлелдеді.

   Аягөз ауданы білім бөлімі басшысы: Н.Т.Азимбаев, оқу, ғылыми ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинетінің меңгерушісі: Ж.Ы.Маликова түлектерге сәттілік, өмірлік жолдарында жарқын болашақ пен табыс тіледі!