Бүгін ауданымызда 586 түлек “Алгебра және анализ бастамалары” пәні бойынша мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтиханын тапсыруда. Емтихан уақыты — 5 академиялық сағат.
Бұл – түлектердің мектепте алған білімдерін саралайтын жауапты кезең.
Барша бітіруші оқушыларға сәттілік тілейміз!
Білім мен еңбектің жемісі — жарқын болашақ кепілі!
Аягөз ауданының 11-сынып түлектері үшін алгебра және анализ бастамалары пәнінен мемлекеттік емтихан өтті!
Бұл – түлектеріміздің жылдар бойы жинаған білімін саралайтын, болашаққа бағыт алатын шешуші сәттері.
Емтихандар 2025 жылғы білім беру стандартына сай, әділ және ашық түрде өтті.
Барлық мектептерде қауіпсіздік шаралары мен қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілген.
Ұстаздар мен ата-аналар тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде.