23.05.2025 жылы Аягөз ауданының мектептерінде оқу жылының аяқталуына орай салтанатты шаралар өтті. Биыл өңірде12195 оқушы оқу жылын аяқтады. 586 оқушы 11 сыныпты бітіріп, жаңа өмірге жолдама алады. Оның 66-сы – «Алтын белгіге» , 61-і- "Үздік аттестатқа" үміткер. Негізгі мектепті бітірушілер саны -1226, үздік аттестатқа үміткерлер саны -175.