Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Бөлім туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Все материалы
25 сентября 2026
Қазақ КСР-нің ағарту ісінің үздігі, КСРО оқу ағарту ісінің үздігі, Еңбек ардагері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі, Аягөз ауданының Құрметті азаматы Жанжігітова Мария Алатайқызының атына арналған 5-8 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қалалық (тірек мектептер) олимпиадасы

  2026 жылдың 23 қыркүйегінде “Қалалық қазақ мектеп-гимназиясы” КММ базасында тіл айлығының қарсаңында Қазақ КСР-нің ағарту ісінің үздігі, КСРО оқу ағарту ісінің үздігі, Еңбек ардагері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі, Аягөз ауданының Құрметті азаматы Жанжігітова Мария Алатайқызының атына арналған 5-8 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қалалық (тірек мектептер) олимпиадасы өтті. Олимпиада оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылығын арттыру, олардың тілдік сауаттылығын, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін дамыту, шығармашылық қабілеттерін ашу және ұстаз еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында өткізілді.Олимпиадаға барлығы 58 оқушы қатысты.

Жүлде қоры:

1-орын. 20.000тг

2-орын.15.000тг

3-орын.10000тг

Нәтижесінде:

5-сынып оқушылары арасында l-орынға  “Қалалық қазақ мектеп-лицейі” КММ оқушысы Абзалова Раяна  ие болды. Жетекшісі: Э.О.Бозекенова

Жүлделі II орынға: “№5 ЖОББМ” КММ оқушысы Қабдылмаулет Қырмызы. Жетекшісі: К.Рахимжанова , «Б.Майлин атындағы ЖОББМ» КММ Ермек Махаббат, жетекшісі: Ұ.М.Мирасхат

“МЖИБЖОББ №6” КММ оқушысы Амантай Нұрасыл. Жетекшісі: А.С. Алымбекова.

III орын иегерлері:

«Қалалық  көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» КММ оқушысы Дархан Санжар, жетекшісі: Канапьянова А.А.

“№4 ЖОББМ” КММ оқушысы Төлеуғазы Жания, жетекшісі: Г.Ж. Байтурсынова

“№3 ЖОББАМ” КММ оқушысы Мақсұт Фараби . Жетекшісі: Азез Сайра

«№6 ЖББОМ» КММ оқушысы Маримхан Айша, жетекшсі: Алпысбаева Ж.С. 

6-сынып оқушылары арасында l орынға “К.Бозтаев ат. мектеп-гимназиясы ” КММ оқушысы Амансапар Айгерім. Жетекшісі: Какимова А.Т.

II орынға “№3 ЖОББАМ ” КММ оқушысы Ақбаева Самал. Жетекшісі: Советканова К. «№5 ЖОББМ» КММ оқушысы Серікқазы Алдияр, жетекшісі Қалдыбаева А.О.

III орынға Қалалық қазақ мектеп-лицейі” КММ оқушысы Айдосқызы Адия. Жетекшісі: Кусаинова А.Н. «Сергиополь ЖОББМ» КММ оқушысы Алдажар Али, жетекшісі: Жумабаева М.А., «Мыңбұлақ ЖОББМ» КММ оқушысы Еркінбек Ерназ, жетекшісі Төлеужанов А.Д.

 

7-сынып оқушылары арасында:

I орын иегері “№5 ЖОББМ ” КММ оқушысыАнуарбекқызы Сезім. Жетекшісі: Калиясова А.М.

II орын иегерлері Қалалық қазақ мектеп-лицейі” КММ оқушысы Айкенова Айзере. Жетекшісі: Кабылашева А.К.

“Ж.Жабаев атындағы ЖОББАМ” КММ оқушысы Барлықбаева Алуа. Жетекшісі:Бибекова Ж.К.

III орынға “Д.Бабатай атындағы ЖОББМ ” КММ оқушысыБауыржанова Алинур. Жетекшісі: Рахжанова С.К.

“Сергиополь ЖОББМ” КММ оқушысы Аманжолова Талшын. Жетекшісі:Керімбаева Ф.С.

Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы” КММ оқушысы Онғар Мақсат. Жетекшісі: Бармашикова П.Ш.

«Мыңбұлақ ЖОББМ» КММ оқушысы Кәрімбек Айдана.

8-сынып оқушылары арасында:

I орын иегері “Д.Бабатай атындағы ЖОББМ ” КММ оқушысыАбдулхақ Гүлім. Жетекшісі: Д.Ю.Туктиева

II орын иегерлері “№3 ЖОББАМ” КММ оқушысыРахым Шынар. Жетекшісі: Сабырбекова К.С. «№5 ЖОББМ» КММ оқушысы Серікқазы Айсара. Жетекшіс: Калиясова А.М.

III орынға ие болған “Мыңбұлақ ЖОББМ ” КММ оқушысы Серғазы Айзере. Жетекшісі: Көмекова А.Т.

А.Көшкімбаева атындағы ЖОББМ” КММ оқушысы Уахап Камила. Жетекшісі: Жанжунова З.М.

К.Бозтаев атындағы ЖОББМ” КММ оқушысы Болат Аяла . Жетекшісі: Какимова А.Т.

Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

 

21 сентября 2026
"ТАҒДЫРДЫ ТАНЫҒАН – ТАРИХТЫ ТАНИДЫ" Қабдеш Жұмаділовтің 90 жылдығына арналған оқырмандар конференциясы

  2026 жылдың 18 қыркүйек күні  Аягөз ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен "К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясы" КММ базасында қазақтың көрнекті жазушысы, ұлт тарихы мен ел тағдырын көркем сөзбен өрнектеген қаламгер Қабдеш Жұмаділовтің 90 жылдығына арналған «Тағдырды таныған – тарихты таниды» тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті. Конференцияға Аягөз ауданы білім бөлімінің басшысы мен әдіскерлер, аудан мектептерінен қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих пәнінің мұғалімдері қатысты.

  Конференциясының ашылу салтанатында білім бөлімінің басшысы Н.Т. Азимбаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

📖 Әдеби басқосудың негізгі мақсаты – қаламгердің мол шығармашылық мұрасын насихаттау, көркем әдебиетке деген қызығушылықты арттыру, ұстаздардың әдеби-шығармашылық ізденісін дамыту және шығармаларындағы ұлт, тарих, атамекен, елдік пен рух құндылықтарын дәріптеу.

Конференция барысында қатысушылар жазушының өмірі мен шығармашылық жолына шолу жасап, «Тағдыр» романының тарихи шындығы мен көркемдік ерекшелігіне жан-жақты тоқталды.

🔹 «Қаламгерге құрмет»

🔹 «Қаламгер әлемі»

🔹 «Тағдыр» романы – тарихи шындық және көркемдік шешім

🔹 «Әдеби пікір алаңы»

🔹 «Бір шығарма – бір ой»

🔹 «Әдебиет және ұстаз»

🔹 «Қаламгерге хат» атты бөлімдер арқылы қатысушылар өз ойларын ортаға салып, шығарма төңірегінде пікір алмасты.

💭 Әсіресе "Әдеби пікір алаңында" "Тағдыр" романының идеялық салмағы, Демежан бейнесі, тарихи және көркем шындықтың сабақтастығы, ел мен жер мәселесі және шығарманы жас ұрпаққа оқыту жолдары талқыланды.

 Срапшылардың шешімімен белсене қатысып, қаламгердің бай әдеби мұрасын терең меңгергені және үздік талдау жасағаны үшін 15 мұғалім "Үздік оқырман"  сертификатымен марапатталды.

✨ Қаламгер мұрасы – ұлт рухының айнасы.

Қабдеш Жұмаділов шығармаларын оқу арқылы біз тарихты ғана танып қоймай, туған жердің қадірін, елдік пен ұлттық рухтың мәнін терең түсінеміз.

📜 «Тарих. Ұлт. Атамекен. Елдік. Рух. Тағдыр. Туған жер. Аманат.»

Бұл ұғымдар – қаламгер шығармашылығының өзегін құрайтын, ұрпаққа ой салатын рухани құндылықтар.

Осымен қатар Аягөз ауданы білім бөліміне қарасты барлық білім беру мекемелерінде оқушылар арасында  "Тағдыр" романы бойынша пікірталас өткізіліп,роман толық талданды.

21 сентября 2026
Республикалық ІX Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңі .

   2026 жылғы 18 қыркүйек  күні «№11 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында 11-сынып оқушылары  арасында  жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық ІХ Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді.   

   Президенттік олимпиада – білім алушылардың пәндік білімін тереңдетуге, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ  дарынды оқушыларды анықтап, қолдауға бағытталған маңызды білім сайыстарының бірі.

   Білім додасына аудан мектептерінен барлығы 18 оқушы қатысып, өздерінің пәндік білімдері мен білімді қолдану, логикалық ойлау және талдау қабілеттерін сынады. Олимпиада барысында қатысушылар жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша берілген тапсырмаларды орындап, өз білімдерін сарапқа салды.

   Олимпиада қорытындысы бойынша  жоғары нәтиже көрсеткен 5 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды.

   Аудандық кезеңге қатысқан барлық оқушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіре отырып, облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларға сәттілік пен жоғары нәтиже тілейміз!

14 сентября 2026
Физика- математика ғылымдарының докторы, профессор Т.И.Аманов атындағы 9-11 сынып оқушыларына математика пәнінен өткен олимпиаданың аудандық кезеңі.

    11-қыркүйек  2026ж математика пәнінен 9-11 сынып білім алушыларына арналған Т.Аманов атындағы олимпиаданың бірінші (аудандық) кезеңі өтті. Олимпиадаға аудан мектептерінен 32 білім алушы, 14 мектептен қатысты. 9-сыныптар бойынша 12, 10-сыныптар бойынша 10, 11-сыныптар бойынша- 10.

Әр сыныптарға 5 тапсырмадан, орындау уақыты 120 минут берілді. Ең жоғарғы балл 9 сыныпта- 10, 10 сыныпта- 15, 11 сыныпта- 20   болды. Жоғарғы  балл-24.

11 сыныптар бойынша қорытынды:

1 орын- Қабдұлмаратова Аружан- «№10 қазақ мектеп- гимназиясы» КММ, жекекшісі Мағауияқызы Сағыныш

2 орын- Нұртөлеуова Нұрбибі  «№ 5 жалпы орта білім беретін  мектебі» КММ, жетекшісі Оспанова Кульмесхан Ермухамедовна 

3 орын- Мусаева Іңкәр  «Д.Бабатайұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ , жетекшісі Қадырсызов Серік Берікұлы және Жаркенаев Ерсұлтан Мұхтарұлы «К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ, жетекшісі Нурпеисов Казболат Тлеукенович

10 сыныптар бойынша қорытынды:

1 орын- Саятқызы Кәусар «№5 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ, жетекшісі Буршакбаева Самал Нугмановна,

2 орын- Бейсенбеков Берікбол Асқарбекұлы  «С.Нұғыманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, жетекшісі: Искак Салтанат Қайратқызы,

3 орын- Дүйсенбекова Еркежан Естайқызы  «№10 қазақ мектеп-гимназиясы»КММ, жетекшісі Құнанбаев Қуаныш Мейрланұлы және Меліс Айзере «Оспанқұл Меңаяқұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ жетекшісі Махметова Ляззат Сакеновна, Жанат Айару «Мектеп жанындағы интернаты бар Ақши жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, жетекшісі Садыков Кулжабек Каукенович

9 сыныптар бойынша қорытынды:

1 орын- жоқ

2 орын- Серікқызы Айша  «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» КММ, жетекшісі Салыкова Гулбаршын Елубаевна және Куралов Бекзат «К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ, жетекшісі Садуова Айнур Ахаткызы;

3 орын-  Мэлсова Анель «№ 5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, жетекшісі Буршакбаева Самал Нугмановна және Даниялов Әкежан Ерболұлы «№10 қазақ мектеп- гимназиясы» КММ, жетекшісі Манасбаев Әсет Мұратұлы.

Облыстық кезеңге 1 орын алған Қабдұлмаратова Аружан- «№10 қазақ мектеп- гимназиясы» КММ- сінің 11 сынып білім алушысы және «№5 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ- сінің білім алушысы Саятқызы Кәусар жіберілді.

09 сентября 2026
Мемлекеттік тіл - бірлік пен татулықтың кепілі"

      Тілді рухани құндылық ретінде дәріптеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру,тіл мәдениетін дамыту мақсатында "Аягөз ауданы білім бөлімі"ММ қарасты барлық білім беру мекемелерінде "Мемлекеттік тіл - бірлік пен татулықтың кепілі" атты Тілдер   айлығы аясында  жоспарға  сәйкес ашылу  рәсімі  салтанатты түрде өткізілді.

01 сентября 2026
АЯГӨЗ АУДАНЫНДА АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

  Бүгін Аягөз ауданы білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында 2026–2027 оқу жылының басталуына арналған «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиындары өтті.

  Жаңа оқу жылы – білім мен ізденіске, жаңа жетістіктер мен биік мақсаттарға бастайтын ерекше кезең. Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күннің орны бөлек.

  Биыл Аягөз ауданында 1094 бала 1-сыныпқа қабылданып, мектеп өміріне алғашқы қадамдарын жасады. Кеше ғана балабақшада жүрген бүлдіршіндер бүгін білім ордасының есігін ашып, қолдарына алғаш рет оқулық ұстап, ұстаздарымен қауышты.

  Салтанатты жиындарда білім алушыларға ақ жол тілектері айтылып, ұстаздарға шығармашылық табыс, ал ата-аналарға ұрпағының жетістігін көру бақытын тіледі.

Құрметті оқушылар!

  Жаңа оқу жылында білімге деген қызығушылықтарыңыз артып, әрбір күндеріңіз жаңа жетістіктерге толы болсын! Алғашқы қоңыраудың үні сіздерді үлкен армандар мен жарқын болашаққа бастасын!

🌟 1094 бүлдіршіннің мектептегі алғашқы қадамы құтты болсын!

  Жаңа оқу жылы барша білім беру саласының қызметкерлеріне, оқушылар мен ата-аналарға сәттілік, толағай табыс және жарқын жеңістер әкелсін!

  Мереке құтты болсын!
Жаңа оқу жылына мол табыс тілейміз!

#АягөзАуданы #АягөзБілімі #АлғашқыҚоңырау #БілімКүні #ЖаңаОқуЖылы

01 сентября 2026
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕҢІС СҮЙІНШІ! МАҚТАНЫШТАРЫМЫЗ!

    Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің «Аягөз қалалық №1 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК-ның ұжымы үлкен қуанышты хабарды жеткізеді!Мектепке дейінгі ұйымдар арасында өткен «Көңілді жаз» республикалық байқауының қорытындысы бойынша біздің балабақшамыздың білікті де шығармашыл мамандары Тәрбиеші — Оразаева Асель СейсенгалиевнаЭстетика маманы — Иманова Шугла Тлепалдиновна жүлделі ІІІ ОРЫНҒА ие болды!  Байқаудың басты мақсаты: Балалардың жазғы сауықтыру кезеңін ұйымдастыру үшін қауіпсіз, жайлы және креативті жағдайлар жасау бойынша озық тәжірибені тарату және жалпылау болатын.Біздің ұстаздарымыз өздерінің жоғары кәсіби шеберлігін, бүлдіршіндерге деген шексіз махаббаты мен ерекше креативті бағытын республика деңгейінде дәлелдеп шықты. Бұл — тек балабақшамыздың ғана емес, бүкіл Аягөз ауданы мен Абай облысының үлкен мәртебесі!✨ Құрметті Асель Сейсенгалиевна және Шугла Тлепалдиновна!Сіздерді осынау зор жетістіктеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Шәкірт тәрбиелеу жолындағы ерен еңбектеріңіз жана берсін. Шабыттарыңыз сарқылмай, бұдан да биік белестер мен кәсіби шыңдарды бағындыра беріңіздер! Жеңісті күндеріңіз көп болсын!

31 августа 2026
АЯГӨЗ АУДАНЫНДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

   Аягөз ауданының білім бөлімінің басшысы Н.Т. Азимбаев ауданның білім беру ұйымдарының басшыларымен брифинг өткізді.
   Кездесудің негізгі күн тәртібі – 2026–2027 оқу жылын және 1 қыркүйек – Білім күнін сапалы әрі жоғары деңгейде ұйымдастыру.
   Брифинг барысында жаңа оқу жылына дайындықтың барысы, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жағдайы, педагогтермен қамтылуы, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру және 1 қыркүйек – Білім күніне арналған іс-шараларды өткізу мәселелері жан-жақты талқыланды.
   Білім бөлімінің басшысы Н.Т. Азимбаев білім беру ұйымдарының басшыларына жаңа оқу жылын жүйелі түрде бастап, білім сапасын арттыруға, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және педагогтерге қолайлы еңбек жағдайын қалыптастыруға бағытталған нақты міндеттерді атап өтті.
   Сонымен қатар, Білім күні – білім мен тәрбиеге жаңа қадам бастайтын маңызды күн екеніне назар аударылып, мерекелік іс-шараларды мазмұнды, тәрбиелік мәні жоғары және ұйымдасқан түрде өткізу қажеттігі айтылды.
   ⚠️ Педагогикалық кадрлармен қамту және бос жұмыс орындары мәселесіне де ерекше назар аударылды.
Білім беру ұйымдарындағы бос жұмыс орындары туралы ақпаратты уақытылы орналастыру, жаңарту және педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажеттігін білім бөлімінің басшысы Н.Т. Азимбаев баса айтты.
Бұл бағыттағы жұмыстардың ашықтығы мен заңдылығы ерекше бақылауда екені ескертілді. Бос жұмыс орындары туралы ақпарат нақты, өзекті және белгіленген тәртіпке сәйкес көрсетілуі тиіс.
Сондықтан білім беру ұйымдарының басшыларына кадр тапшылығын болдырмау, бос орындарды уақытылы толықтыру және педагогтермен қамтамасыз ету мәселесіне жауапкершілікпен қарау тапсырылды.
Барлық жұмыстар заңдылық, ашықтық және белгіленген талаптарды сақтау қағидаттары негізінде жүргізілуі тиіс.
   ✨ Жаңа оқу жылы – жаңа мүмкіндіктер мен жаңа жетістіктердің бастауы!
Барша білім беру ұйымдарының ұжымдарына шығармашылық табыс, ұстаздарға толағай жетістік, ал оқушыларға жарқын жеңістер тілейміз!

31 августа 2026
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ
31 августа 2026
Мектеп формасы

    ЗАҢ МЕН ТӘРТІП 2026-2027 оқу жылында 1-11-сынып оқушыларының мектеп формасы «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасы туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №534 бұйрығының негізінде мектеп оқытудың зайырлы сипатына сәйкес.

    Мектеп формасы – оқушыны тәртіпке шақыра отырып, әлеуметтік теңсіздік пен бәсекелестікті болдырмайтын, балалар мен жасөспірімдер арасындағы еліктегіштік пен фанатизмнің алдын алатын, ата-аналар үшін қолжетімді классикалық киім үлгісі!

- Ер балалар формасына: қою көк түсті шалбар, ақ жейде, жилет пен галстук;

- Қыздар үшін: қою көк белдемше тізеден 5 см төмен болуы керек, жилет, ақ түсті блузка, ақ түсті бантик.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты