Сессия жұмысына дербес бөлім басшыларының орынбасары, бұқаралық ақпарат құралдары және 14 депутаттан 10 депутат қатысты (оның ішінде 2 депутат ZOOM желісі арқылы).
Сессияда келесі мәселелер қаралды:
1.Аягөз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 қазандағы № 7/93-VIIІ «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2.Аягөз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 желтоқсандағы №19/356-VIIІ «Аягөз ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»
О.Рахметова – Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары
Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.