Сессия жұмысына ZOOM желісі арқылы Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Битолеуов Еркебұлан Даулетжанұлы, Аягөз қала әкімі Ерланов Асқар Ерланұлы, дербес бөлім басшылары, кәсіпорын директорлары, бұқаралық ақпарат құралдары және 14 депутаттан 13 депутат қатысты.
Сессияда келесі мәселелер қаралды:
1.2024 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы
А.Молдабаева – Аягөз ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы
«Аягөз ауданының 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы» жылдық есебіне қатысты Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындысы
Е.Битолеуов - Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі
2.Аягөз қаласы бойынша атқарылған жұмыстар барысы және алға қойған жоспары туралы
А.Ерланов – Аягөз қаласының әкімі
3.Аягөз ауданында электр желісі бойынша атқарылған жұмыстары, алға қойған жоспары және қысқа дайындық шаралары туралы
М.Смайлов – «БЭСК» АҚ Аягөз аумақтық электр желісінің бастығы
4.«Аягөз жылу» МКК-ның атқарылған жұмыстар барысы және алға қойған жоспары туралы
А.Касьянов – Абай облысы Аягөз ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Аягөз жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының директоры
5.Әр түрлі
Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.