2024 жылдың 01 наурызында Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

2024 жылдың 01 наурызында  Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

 

 Күн тәртібіне мына мәселелер қойылды:

1. Көктемгі су тасқыны алдын алу туралы Аягөз қаласы әкімінің орынбасары Қайрбаев Ардақ Кайрбайұлы ақпарат берді. Осы мәселе бойынша туындаған сұрақтарға   Аягөз ауданы әкімінің орынбасары Татенов Медет Семейханұлы, «Аягөз Су» КММ, Аягөз аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, ДЭУ-71 басшылары  жауап берді.

2. Аягөз ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Молдабаева Ажар Төлеубекқызы Аудан көлемінде іске асырылатын жобалар туралы (абаттандыру, құбырлар тарту, жол жөндеу) және Аягөз аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің  бас маманы Нұрқасымов Али  Серікқазыұлы ақпарат берді.

Ақши, Ақтоғай, Мамырсу, Тарбағатай ауылдық округтерінің әкімдері осы  мәселе бойынша отырысқа қатысты.

 

3. Білім беру мекемелеріндегі   тамақтандыру мәселесі туралы Аягөз аудандық білім бөлімінің басшысы Азимбаев Нұрғали Тілекқалиұлы ақпарат берді.          Сонымен қатар осы мәселе бойынша  «Аягөз аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының» - жетекші маманы Жұмекенова Меруерт Амангелдіқызы қатысып сұрақтарға жауап берді.

4. Жеке үй құрылысына берілетін жер телімдері туралы Аягөз қаласы әкімінің орынбасары Қайрбаев Ардақ Қайрбайұлы және Аягөз ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы  Қасымов Ержігіт Талғатұлы ақпаратты берді. Бұл мәселе бойынша қойылған сұрақтарға Аягөз ауданының ауыл шаруашылығы,  жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары Шаукенова Райхан Нұрдаулетқызы қатысып жауап берді.                                                                                                                                                                  

Отырыс  барысында күн тәртібіндегі мәселелер толық тыңдалып, Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан ақпарат беруші мекемелерге ұсыныстар жасалды.