Аягөз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21/423-VІІ «Аягөз аудандық округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Аягөз аудандық мәслихатының  2023 жылғы 16 қаңтардағы №21/423-VІІ  «Аягөз аудандық округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының  10 және 19 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңының 6 бабына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты   ШЕШТІ:

1.Аягөз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы  №21/423-VІІІ «Аягөз аудандық округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

Аягөз аудандық округтік сайлау комиссияларынан шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына комиссия мүшелері қосымшаға сәйкес  сайлансын.

  1. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

          Қосымша

Аягөз аудандық мәслихатының 2026 жылғы

03 маусымдағы №34/630 -VІІІ шешімімен бекітілген

с/у

Аягөз ауданы бойынша  сайланған  округтік сайлау комиссияларының жекелеген мүшелерінің тізімі

№1 округтік сайлау комиссиясы

Менаяқ Сандугаш Қошқарбайқызы

«Рауан» ауған соғысы ардагерлерінің ұйымы ҚБ

№2 округтік сайлау комиссиясы

Акжолова Дидар Еренгаиповна

 

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы»

 

№ 3 округтік сайлау комиссиясы

Бозекенова Кульзира Ормангажиевна

«Рауан» ауған соғысы ардагерлерінің ұйымы ҚБ

№ 4 округтік сайлау комиссиясы

Асқарова Медине Асқарқызы

«Аягөз-Намыс»  аудандық, ауылдық дене шынықтыру-спорт қоғамы

№ 4 округтік сайлау комиссиясы

Рахимбердинова Гульмира Жумагазыевна

«Бәйге ұлттық ат спорты» ҚБ Аягөз аудандық федерациясы

№ 7 округтік сайлау комиссиясы

Омарғазин Серікхан Түкенұлы

«AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің   Аягөз аудандық филиалынан

№ 7 округтік сайлау комиссиясы

Жумабеков Ержан Кулунтаевич

«Рауан» ауған соғысы ардагерлерінің ұйымы ҚБ

№ 9 округтік сайлау комиссиясы

Аязбекова Дария Сериковна

Қазақстан демократиялық партиясы «Ақжол»

№ 13 округтік сайлау комиссиясы

Ахметова Нұрай Мұратқызы

Республикалық «Ардагерлер ұйымы» ҚБ Аягөз аудандық филиалы