2026 ЖЫЛДЫҢ 03 МАУСЫМ КҮНІ АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХІV СЕССИЯСЫ ӨТТІ

2026 ЖЫЛДЫҢ  03 МАУСЫМ КҮНІ АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ  КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХІV СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Сессия жұмысына дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары және 13 депутаттан 11 депутат қатысты (оның ішінде 3 депутат ZOOM желісі арқылы).

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

1.Аягөз ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер енгізу туралы.

А.Молдабаева – Аягөз ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы

2.Аягөз ауданы Аягөз қаласының "Зеленый тұйық" көшесі Құдаш, Бакен Мұхамедиевтер көшесі деп қайта атау туралы.

Е.Бектенов - Аягөз ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы

3.Аягөз аудандық жер комиссиясының дербес құрамына өзгеріс енгізу туралы.

Ж.Оспанова - Аягөз ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі

4.Аягөз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №10/168-VІІІ «Аягөз аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне  өзгерістер енгізу туралы.

5.Аягөз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21/423-VII «Аягөз аудандық округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

А.Ибрайшин – аудандық мәслихат төрағасы

Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.