2026 ЖЫЛДЫҢ 13 СӘУІР КҮНІ АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ХХХIII СЕССИЯСЫ ӨТТІ

2026 ЖЫЛДЫҢ  13 СӘУІР КҮНІ АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ  КЕЗЕКТІ ХХХIII СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Сессия жұмысына ZOOM желісі арқылы Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Өміртаев Асыл Аманғалиұлы, Аягөз ауданы әкімінің міндетін атқарушы Нұғымаров Айбек Серікболұлы, Аягөз қала әкімі Ерланов Асқар Ерланұлы, дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары және 13 депутаттан 12 депутат қатысты (оның ішінде 2 депутат ZOOM желісі арқылы).

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

1.2025 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы

А.Молдабаева – Аягөз ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы

«Аягөз ауданының 2025  жылғы  бюджетінің атқарылуы туралы»  жылдық есебіне қатысты Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындысы

А.Өміртаев – Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі

2.Аягөз қаласы бойынша атқарылған жұмыстар барысы және алға қойған жоспары туралы

А.Ерланов -  Аягөз қаласының әкімі

3.Аягөз аудандық ішкі саясат және дін істері бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмысы мен алға қойған жоспары туралы

А.Жакупбаева - Аягөз ауданының ішкі саясат және дін істері бөлімінің басшысы

4.Әр турлі

Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды