Сессия жұмысына дербес бөлім басшыларының орынбасарлары, бұқаралық ақпарат құралдары және 13 депутаттан 9 депутат қатысты.
Сессияда келесі мәселелер қаралды:
1.Аягөз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 16 сәуірдегі № 12/212-VIIІ «Аягөз ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
О.Рахметова – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары
2.Аягөз аудандық мәслихатының «Аягөз ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» 2024 жылғы 17 шілдедегі № 14/256-VIII шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
3.Аягөз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №10/168-VІІІ «Аягөз аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4.Аягөз аудандық мәслихат депутаты А.Жанатқалиевтың депутаттық өкілеттілігін тоқтату туралы.
А.Ибрайшин – аудандық мәслихат төрағасы
Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.