«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты учаскелік сайлау комиссиясынан шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына комиссия мүшелерін сайлау туралы хабарлайды.
Учаскелік сайлау комиссиясының құрамы сайлау учаскелердегі сайлаушылар санына байланысты аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен белгіленген.
Сайлау комиссияларының өкілеттігінің мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын басқа қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптасатын комиссиядан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылдың 28 қаңтарына дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтерді;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар ұсыну туралы шешімінен үзінді;
3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.
Сайлау комиссияларының құрамдарына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштің нысандары мәслихаттың сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат тұрған әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында қарастырылған сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның еңбеккерлері болмауы тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналары, балалары, асырап алушылары (қыз асырап алушылары), асырап алған балалары (қыздары), туған және туған емес ағалары мен әпкелері, аталары, әжелері, немерелері) немесе ері (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз нысанда ұсынылатын барлық құжаттар қол қойылып, мөрмен расталуы тиіс және орындалған күні, орындаушы туралы белгі тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетіліп ұсынылуы тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 28 қаңтарына дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін.
Аягөз аудандық мәслихаты
Ибрайшин Архат Алимгазинович – Аягөз аудандық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың тұрған орны: Аягөз қаласы, Б.Момышұлы көшесі 62.
Жауапты тұлға – Есполов Бакытжан Дарханович, қалааралық телефон коды (872237), 3-17-25, электрондық пошта мекен жайы maslihat-ayagoz@mail.kz
Аудандық мәслихат учаскелік сайлау комиссияларынан шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына комиссия мүшелерін сайлайды:
|
№ р/б |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері
|
Сайлау комиссия сы мүшелері нің саны |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
1. |
№ 200 учаскелік сайлау комиссиясы |
Аягөз қаласы, Уәлиханов көшесі 2, Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 6 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
1 |
|
2. |
№ 202 учаскелік сайлау комиссиясы |
Аягөз қаласы, Уалиханов көшесі 18, Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
1 |
|
3. |
№ 204 учаскелік сайлау комиссиясы |
Аягөз қаласы, Абай бульвары 12, Аягөз ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді датыму, деңешықтыру және спорт бөлімінің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты |
1 |
|
4. |
№ 205 учаскелік сайлау комиссиясы |
Аягөз қаласы, Момышұлы көшесі 60, Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің « № 9 Аягөз қалалық аралас бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
1 |
|
5. |
№ 209 учаскелік сайлау комиссиясы |
Аягөз қаласы, Кабанбай батыр көшесі 23, Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің «№10 қалалық қазақ мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
6 |
|
6. |
№ 211 учаскелік сайлау комиссиясы |
Аягөз қаласы, Оңтүстік қалашық 4, Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің « № 4 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
2 |
|
7. |
№ 214 учаскелік сайлау комиссиясы |
Ақтоғай кенті, Т.Күзембаев көшесі 56, Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің « № 8 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
1 |
|
8. |
№ 217 учаскелік сайлау комиссиясы |
Тарлаулы ауылы, Тарлаулы ауылдық округі, Тарлаулы ауылдық клубы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының «Қозы-Көрпеш-Баян Сұлу» мәдениет үйінің ғимараты |
1 |
|
9. |
№ 219 учаскелік сайлау комиссиясы |
Ақшәулі ауылы, Ақшәулі ауылдық округі, Ақшаулі ауылдық клубы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының «Қозы-Көрпеш-Баян Сұлу» мәдениет үйінің ғимараты |
1 |
|
10. |
№ 225 учаскелік сайлау комиссиясы |
Тарбағатай ауылы, Тарбағатай ауылдық округі, Тарбағатай ауылдық клубы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының «Қозы-Көрпеш-Баян Сұлу» мәдениет үйінің ғимараты |
1 |
|
11. |
№ 227 учаскелік сайлау комиссиясы |
Ақши ауылы, Ақши ауылдық округі, «Қозы- Ақши ауылдық клубы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының «Қозы-Көрпеш-Баян Сұлу» мәдениет үйінің ғимараты |
2 |
|
12. |
№ 230 учаскелік сайлау комиссиясы |
Қарағаш ауылы, Қарағаш ауылдық округі, Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің «Ж.Жабаев атындағы жалпы орта білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
2 |
|
13. |
№ 232 учаскелік сайлау комиссиясы |
Майлин ауылы, Майлин ауылдық округі, Майлин ауылдық клубы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының «Қозы-Көрпеш-Баян Сұлу» мәдениет үйінің ғимараты |
1 |
|
14. |
№ 234 учаскелік сайлау комиссиясы |
Ақшатау ауылы, Ақшатау ауылдық округі, Ақшатау ауылдық клубы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының «Қозы-Көрпеш-Баян Сұлу» мәдениет үйінің ғимараты |
1 |
|
15. |
№ 242 учаскелік сайлау комиссиясы |
Мәдениет ауылы, Мәдениет ауылдық округі, Мәдениет ауылдық клубы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының «Қозы-Көрпеш-Баян Сұлу» мәдениет үйінің ғимараты |
1 |
|
16. |
№ 243 учаскелік сайлау комиссиясы |
Емельтау ауылы, Емельтау ауылдық округі, Емельтау ауылдық клубы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының «Қозы-Көрпеш-Баян Сұлу» мәдениет үйінің ғимараты |
2 |
|
17. |
№ 246 учаскелік сайлау комиссиясы |
Байқошқар ауылы, Байқошқар ауылдық округі, Байқошқар ауылдық клубы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының «Қозы-Көрпеш-Баян Сұлу» мәдениет үйінің ғимараты |
2 |
|
18. |
№ 247 учаскелік сайлау комиссиясы |
Малкелді ауылы, Малкелді ауылдық округі, Малкелді ауылдық клубы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының «Қозы-Көрпеш-Баян Сұлу» мәдениет үйінің ғимараты |
2 |