Сессия жұмысына Аягөз ауданы әкімінің міндетін атқарушы Нұғымаров Айбек Серікболұлы, қала әкімі Ерланов Асқар Ерланұлы, дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары және 14 депутаттан 12 депутат қатысты (оның ішінде 3 депутат ZOOM желісі арқылы).
Сессияда келесі мәселелер қаралды:
1.Аягөз ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы
А.Молдабаева – Аягөз ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы
2.Аягөз аудандық мәслихат төрағасының есебі туралы
3.2026 жылға арналған мәслихаттың жұмыс жоспарын бекіту туралы
А.Ибрайшин – аудандық мәслихат төрағасы
4.Аягөз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №20/374-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Аягөз ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
5.Аягөз қаласы, Ақтоғай кенті және барлық ауылдық округтердің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы
6.Аягөз ауданының бюджеттік комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы
7.Аягөз ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы
А.Молдабаева – Аягөз ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы
8.Аягөз қаласы бойынша 2025 жылы атқарылған жұмыстар барысы (абаттандыру, қала бойынша жол жөндеу жұмыстары, жарықтандыру т.б) және алға қойған жоспары туралы
А.Ерланов - Аягөз қаласының әкімі
9.Аягөз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы 10/168-VIII «Аягөз аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
А.Ибрайшин – аудандық мәслихат төрағасы
10.«Аягөз ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы
А.Жакупбаева - Аягөз ауданының ішкі саясат және дін істері бөлімінің басшысы
Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.