Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралады.
Ақпарат беруші:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы облыстан онлайн ЗУМ желісі арқылы Д.Б Мусин
Ақпарат беруші:
Қала әкімі орынбасары А.Қ.Қайырбаев.
Ақпарат беруші:
Аягөз аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Т.Молдабаева.
Ақпарат беруші:
Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының Аягөз ауданының көпсалалы ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары А.С.Искаков.
Ақпарат беруші:
Қазығұл емдеу мекемесінің директоры Ш.Ж.Амангелді.
Ақпарат беруші:
Аягөз ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы А.Ғ.Ақылжанов.
Қоғамдық кеңес отырысы барысында Мемлекеттік қызмет істері бойынша баяндама оқылып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту және оны жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырумен қатар оны болдырмау және оның алдын алу сияқты мәселелер баяндалды.
2025 жылы қаламызда атқарылған жұмыстар туралы баяндалып, Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан әртүрлі мәселелер бойынша сұрақтар қойылды. Сонымен қатар қыс мезгілінде қала ішіндегі қарды шығару үшін және де басқада бюджеттен бөлінетін қаражатты тиімді пайдалану жолдары туралы айтылып, ескертулер жасалды.
Экономика және қаржы бөлімінің 2025 жылы ауданымызға бөлінген бюджеті туралы және оның орындалу барысы туралы баяндама оқылып, Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
Қаламыздағы екі аурухана бойынша мекеме басшыларына қазіргі жүріп жатқан вирусқа байланысты, МӘМС мәселесі туралы сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды.
Жер телімдерін қайтару бойынша мекеме басшысына игерілмеген жер мәселесімен айналысатын органдарға беріп, игерілмеген жер мәселесін шешу тапсырылды.
Күн тәртібі бойынша мәселелер толықтай қаралып Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан ұсынымдар мен ескертулер айтылды.