2025 ЖЫЛДЫҢ 26 ҚАРАША КҮНІ АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

2025 ЖЫЛДЫҢ  26 ҚАРАША КҮНІ АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ  КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Сессия жұмысына  дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары және 14 депутаттан 9 депутат қатысты.

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

1.Аягөз ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

М.Жанабеков - Аягөз ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің  сектор меңгерушісі

2.Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

Ж.Оспанова - Аягөз ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі

3.Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерімен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

А.Джанбаева – Аягөз ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы.

4.Аягөз аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 тамыздағы № 01-02/34-6 «Аягөз аудандық мәслихаты аппаратының құрылымы және штаттары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

А.Ибрайшин - аудандық мәслихат төрағасы

5.Ақтоғай кенттік округі бойынша 2025 жылы атқарылған жұмыстар барысы және алға қойған жоспары туралы

Н.Габидуллин - Ақтоғай кенттік округінің әкімі

6.Аягөз ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы

А. Жакупбаев – аудан әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы

7.Аягөз ауданы Нарын ауылдық округінің «Жаңа ауыл» көшесіне «Қасым Омарбеков» көшесі, Аягөз ауданы Мамырсу ауылдық округінің Бозай ауылының «Бозай» көшесіне «ағайынды Алиевтер» көшесі, Аягөз ауданы Аягөз қаласының «Зеленый переулок» көшесі «Бакен, Құдаш Мұхамедиевтер» көшесі деп қайта атауы туралы.

А.Байжуманова - Аягөз ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы.

Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.