Сессия жұмысына Аягөз аудан әкімі Шәкәрімов Данияр Қайырханұлы, дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары және 14 депутаттан 13 депутат қатысты (оның ішінде 3 депутат ZOOM желісі арқылы).
Сессияда келесі мәселелер қаралды:
1.Аягөз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №20/374-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Аягөз ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2.Аягөз қаласы, Ақтоғай кенті және барлық ауылдық округтердің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы
А.Молдабаева–Аягөз ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы
3.Аягөз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 қыркүйектегі №15/290-VIII «Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
А.Джанбаева–Аягөз ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы
4.Аягөз ауданы Аягөз қаласының «Жаңа көше-1» көшесін Әбілкәрім Темірханов көшесі деп қайта атау туралы
М.Тусупов-Аягөз ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы
Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.