2025 ЖЫЛДЫҢ 03 ШІЛДЕ КҮНІ АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ХХVІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

2025 ЖЫЛДЫҢ  03 ШІЛДЕ КҮНІ АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ  КЕЗЕКТІ ХХVІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Сессия жұмысына Аягөз аудан әкімінің орынбасары Бекбаев Өмірбек Жанарбекұлы, дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары және 14 депутаттан  10 депутат қатысты.

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

1.Аягөз ауданында кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бағытында атқарылып жатқан жұмыстар және алға қойған жоспар туралы

Ғ.Ақылжанов – Аягөз ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы

2.Аягөз ауданында сәулет, қала құрылысы, құрылыс жұмыстары жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар және алға қойған жоспар туралы

          Д.Сайлауов - Аягөз ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім басшысының міндетін уақытша атқарушысы

3.Бюджеттік сала объектілерінің және тұрғын үйлердің 2025-2026 жылдарға жылу маусымына дайындық жұмыстары туралы

А.Нуркасымов - Аягөз ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімнің сектор меңгерушісі

4.Абай облысының ономастикалық комиссиясына ұсыныс енгізу туралы

          Б.Төлегенова - Аягөз ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлім басшысының міндетін уақытша атқарушысы

Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.