"Түркістан халықаралық әуежайы" АҚ өтінімдерін қарау барысында жария тыңдаулару өткізу жөнінде

"Түркістан халықаралық әуежайы" АҚ өтінімдерін қарау барысында жария тыңдаулару өткізу жөнінде

«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ-ның Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуежайлар саласындағы реттелетін қызметтерге тарифтерді және тарифтік сметаларды бекітуге арналған өтінімдерін қарау барысында жария тыңдаулардың болатындығын мәлімдейді (тарифтерді оңайтылған тәртіппен бекіту).

         Жария тыңдаулар 2025 жылдың 15 сәуірінде сағат 15-00-де, ZOOM арқылы онлайн режимінде өткізіледі (конференция идентификаторы:
937 1672 1439, кіру коды: 898300).

         Жария тыңдауларға тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге мүдделі тұлғалар шақырылады.

         Байланыс телефондар: +7 7172 57-23-19; +7 775 348 65 91.