Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ-ның Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету реттеліп көрсетілетін қызметіне 2025-2030 жылдарға тарифтерді және тарифтік сметаны бекітуге арналған өтінімін қарау барысында жария тыңдаудың өткізілетіндігін мәлімдейді.
Жария тыңдау 2025 жылғы 8 мамырда сағат 15-00-де, ZOOM арқылы онлайн режимінде өткізіледі (конференция идентификаторы: 773 162 8750, кіру коды: Kz2025).
Жария тыңдауларға тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге мүдделі тұлғалар шақырылады.
Байланыс телефондар: +7 7172 57-23-16; +7 701 886 80 20.