«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Алматы Халықаралық әуежайы» АҚ-ның Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда және халықаралық бағыттар бойынша техникалық қонуларды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшуларды жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету реттеліп көрсетілетін қызметіне 2025-2029 жылдарға тарифтерді және тарифтік сметаны бекіту туралы өтінімді қарау барысында жария тыңдаудың өткізілетіндігін мәлімдейді.
Жария тыңдау 2025 жылғы 5 наурызда сағат 15-00-де, ZOOM арқылы онлайн режимінде өткізіледі (конференция идентификаторы: 773 162 8750, кіру коды: Kz2024).
Жария тыңдауларға тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге мүдделі тұлғалар шақырылады.
Байланыс телефондар: +7 7172 57-23-18; +7 701 767 50 56».